Архивы ұлыстыңұлыкүні - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Мереке қарсаңында баспаналы болды
Осакаров ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында тұрғын үй кезегінде тұрған 18 жан баспаналы болды. Бұл жолы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 жетім балаға, 3 бірдей көп балалы отбасыға және әлеуметтік осал топтарға жататын 10 адамға пәтер кілті табысталды.

Сурет: inbusiness.kz сайтынан

Жалпы деректерге сүйенсек, Осакаров ауданында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған азаматтардың тізімінде – 996 адам бар. Оның 626-сы – жетім балалар. Ал, 176-сы – әлеуметтік осал топтағылар. Одан бөлек, 136 бюджеттік ұйымдардың қызметкері, 49 көпбалалы отбасылар да бар. 9 отбасы қауіпті деп танылған үйлердің тізімінде тұрғандар.

Сонымен қатар, биылғы жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан кезекте тұрғандарға баспана кілті табысталады деп күтілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Сообщение Мереке қарсаңында баспаналы болды появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Теміртауда ұлыстың ұлы күні тойланды
Теміртауда ұлыстың ұлы күні — жыл басы Бірлік алаңында бастау алды. Наурыз көже ішілді, нау тілектер айтылды. Мерейлі мерекені тойлауға қала тұрғындары мен қонақтары келді. Мәнді де мазмұнды мерекенің сәнін этникалық ауылдар кіргізіп, онда сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, киіз үй тігу бойынша шеберлік сабақтары, викториналар өткізілді. Фольклорлық ансамбльдер өнерін көрсетті.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Қазақтың ұлттық ойындары,  тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту, сынды ойын түрлерінен турнир өтті.

Түйе мен атқа міну ұйымдастырылып, одан балалар да, үлкендер де әбден қуанып, мәз-мейрам болды.

Сахнада «Қош келдің әз-Наурыз» атты концерттік бағдарламада қаланың би ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті.

Той түнге ұласып, Парвиз Назаров, AYREE, Александр Филатов сынды әншілер қала жұртшыдығвның көңілін көтерді. Концерт соңын Қали Байжанова концерттік бірлестігінің солистері түйіндеді.

Әділет ШОПЕН.

Сообщение Теміртауда ұлыстың ұлы күні тойланды появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Жер-Ана да аңсайды қамқорлықты
Осы біз Ұлыс күні үлкен бір ұлы іс бітіруді ұмытқандаймыз. Наурыз келдінің әу бастағы баламасы ол – тазару, жаңару емес пе еді? Он күндікпен атап өту жолға қойылды. Біз айтып отырған Наурызнамадағы «Тазару» ең соңғы күні, яғни 23 наурызда атап өтіледі. Бұл күні экосенбілікпен ғана шектелетінімізді ешкім жоққа шығара қоймайды. Ертедегідей жиылып барып, бұлақ көзін ашу, сай-сайға елмен бірге көшет отырғызу секілді Табиғат-анаға құрмет кем. Болса, тек науқандық сипат алды.

Сурет: monitorul.fisc.md сайтынан

Әлқисса

Біздің мұндағы айтқымыз келіп отырғаны ол – Наурызды тек ұлттық киім, ұлттық тағаммен шектемеу. Күн мен түн теңелетін бұл айда табиғаттағы барлық тіршілік иелеріне жан біте бастайды. Қыстың соңы, көктемнің басында жыл құстарынан хабар алады. Табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын кезі. Демек, наурыздың о бастағы философиялық мәні де осында жатыр.

Қыр қызғалдаққа толып, бәйшешек бүрін жарып, жер жібекке малынғандай құлпыра түседі. Қар көбесі сөгіліп, сай-сала гүрілдеп суға толады. Осы бір шуақты мезгілде табиғаттың да адамзат баласынан сұрауы бар…

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлин «Наурыз» өлеңін «Өмірге жаңа жолдар ашатұғын, Жаңа жыл – бүгінгі күн, жаздың алды» деп бастайды. Яғни, табиғатты тазарту арқылы өзіміздің де тазарып, жаңа күннің шапағы сезілгенде жаңа жолдардың ашылатынын тегін ырымдамаса керек. Көктеммен бірге біз де жаңарып, көгереді екенбіз.

Бұлақтың көзін ашу көмескіленіп барады

Қарқаралы ауданы Матақ совхозының «Ақбұлақ» бөлімшесінде өмірінің көп бөлігін өткерген Кеңес ақсақал да осыны айтып, қамығады. Жер-Анаға деген ол кездегі елдің пейілін сағынады.

– Біздің өлке «Айнала бұлақ ба­сы тең» малға жайлы, құтты қо­ныс еді. Ұлыс келді дегенді естісек болды, еркек кіндікті бұ­лақ басында жиналатынбыз. Ол шақта бөлімше меңгерушісімін ғой. Мойнымда міндет көп. Алақандай ауылда қырыққа тарта бұлақ үлкенді-кішілі көл атаулысын лықа толтыратын еді. Жайылымдағы мал көл табаны аса сарқылып кетпесін деген жалғыз игі ниетпен күрек-кетпенімізді алып, бұлақ көзін тазалайтынбыз. Қайнарын лай басқан бұлақ тазарған соң түбінен мөлдір су жарықтық атқақтап шыға келетін-ді. Сол суға өзіміз де жуынып мәре-сәре боп жататын кез әлі есімде, – дейді ақсақал.

Ақбұлақ ауылынан әрменіректе Тәттімбет төбесі бар екен. Сол шоқының үстінде байыздап, шертпе күйдің күмбезі домбырасын қоңырлатқан деседі көнекөздер. Айналасы – нулы тоғай. Қазіргі «Жосалы» санаторийінің маңы. Ақсақал ол тоғайдың жайнап тұруы үшін маңайындағы өзен-көлдің де арнасын тазартқандарын есіне ал­ды.

– Балаларымыз да мұндай мұн­таздай қалыпқа көздері қанық­қан. Тазалық жұмысы біткен соң, бірді-екілі қайыңның «те­рісін» бәкімен тіліп, сөлін іш­кізетін едік. Ал қайырылған қабы­ғын табаға қант араластыра қуырып, сағыз жасап беретін едік. Қызмет бабында ауылдың геологиялық жағын көп зерттейтінбіз. Экологияға қарағанда геология деген сөзді көбірек айттық. Кеңес уақытында жер асты су мөлшерін жіті бақылайтынбыз. Сондықтан, заманымызда албаты тасқын да бола қоймайтын. Әгәрәки болса, алдын алып ауыздықтайтынбыз. Міне, біздің қоршаған ортаға деген қамқорлығымыз асылы осындай еді. Қарап отырамыз, қазір тек сенбілікпен ғана шектеліп жатады. Бұрынғыдай бұлақ көзін ашу ұмытқа айналды. Көшет отырғызу деген көшелі ғұрпымыз есеп үшін сияқты көрінеді маған. Оны күтіп, баптаумен айналысатын агрономдардың көмегіне неге жүгінбейді екен деген ойда қаламын, – деп тұжырды сөзін қария Кеңес Аманбаев.

Көшет отырғызу тек көрсеткіш үшін емес

Облыстағы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы биыл мемлекеттік орман қорының 552,5 гектарына 1 млн. 272 мың ағаш көшет отырғыз­бақ. Мұның ішінде 532,5 гектарға 1 млн.183 мың қарағаш көшеті мен 20 га аумаққа 89 мың қылқанжапырақты кәдімгі қарағай көшетін егеді. Бұған бағытталатын қаржы көлемі 62 млн. теңгені құрайды. Мұны бізге Қарағанды орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеменің директоры Мақсат Мұқанов айтып отыр.

Кейінгі кезде әлеуметтік желіде көшет отырғызуға қатысты бағыт-бағдар көрсетіп жүрген агроном Сәкен Сәбиденұлының мұндай мәселеге келгенде айтары көп. Табиғаттың тамыршысына айналған ағамыз Қарағандыда 1 млн. 800 мың ағаш барын, оның 5 мыңы апаттық күйде тұрғанын айтады.

– Бұл Наурыз – жаңарудың, та­зарудың айы. Яғни, өмірдің жаңаруын бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу ұйымдастырылады. Бірақ, Қарағанды өңірінде қардың көбесі сөгілген жоқ. Дегенмен, тамыры жабық көшетті топырағымен отырғызуға болады. Ескеретін ең басты жәйт, көшеттер міндетті түрде аймаққа бейімделген, стандартқа сай болуы керек. Және оны отырғызғанда барлық технологияны сақтау керек. Міндетті түрде мамандардың кеңесіне жүгіну қажет. Сонда ғана тамырланып өседі. Егер, бұл ескерілмесе онда бос әурешілік болады. Көшеттер тамырланбай, текке жерді қазып, топырақты бүлдіреміз. Қазып, топырағы бүлінген жер қайтадан қалпына келу үшін көп жыл қажет. Жер-Ананы босқа жараламайық, – дейді Сәкен аға Келдібаев.

Білікті агрономның ойлағаны жалқы игілік – қыруар қаржы құйып, отырғызған көшеттер жасыл желекке айналып, жайқалып өссе, қаланың шырайын ашса. Бірлесе жұмыс атқарудан да қашпайды.

– Қарағандыда соңғы бір-екі жылда көп ағаш өспей қалды. Неге десеңіз, өсіп кеткен материалды әкеп отырғызған. Сосын оның күтіміне қатысты да кемшін тұстар кетіп жатады. Қатты желден сақтау үшін оны байлаудың өзіндік технологиясы бар. Жөнді байламайды. Байлайтын жіптің астына резеңке орау керек. Әйтпесе, әлгі жіп ортаңғы діңі өскен сайын қалып қойып, қысып тастайды. Қазір бұл шаруа түзеліп келеді. Одан кейін дұрыстап суарылмайды. Күн ыстықта екі рет, аптасына бір рет су құюдың өзін ұмытып кетеді. Қылқанжапырақты ағашты суарғанда үстіне бүріккен оңды. Өйткені, олардың инелері жұқа, аптап ыстықта жылдам қурайды. Одан кейінгі мәселе, әр түрлі зиянкестерден қорғап, дәрі-дәрмек себу керек. Ол да ұмыт қалады. Ең көп жіберілетін қателік, қураған бұтақты дұрыс кеспейді. Тұқылын қалдырады. Ол ертең шіріп, ортасынан қуыс пайда болады. Содан кейін діңіне өтеді. Ағаштар діңінен шірісе, дауылда құлайды. Кескен жерін майлы бояу, әйтпесе арнайы жағатын маймен сылау керек. Ыстықта ылғал тиіп, қуыс пайда болмау керек. Осы секілді қағидаттарды ескерсе, Қарағанды жасыл желекке айналар еді. Және бірігіп жұмыс істеуге әркез әзір екенімді жеткізгім келеді, – дейді агроном.

Сөздің соңы

Бұдан біздің түйген ойымыз да – біреу. Табиғат-Анаға көрсететін құрметімізді науқандық сипаттан арылтып, шынайы жанашыр­лықпен жұмылсақ игі болар ма еді? Өйткені, Жер-Ана да қамқорлықты аңсайды.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ,

Ortalyq.kz

Сообщение Жер-Ана да аңсайды қамқорлықты появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Наурыз тойы Топарда да тойланды
Топар кентінің тұрғындары да Ұлыстың Ұлы күнін тойлады.

Суреттерді түсірген: автор.

Бұл күні кенттің Мәдениет үйінің алдындағы алаңға 3 киіз үй тігіліп,жергілікті кәсіпкерлер сауда сөрелерін жайып тастап,мерекеге келген жұрт Наурыз көжеден,ыстық палау мен бауырсақтан дәм татысып жатты.

Жиналған жұртшылықты Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов, осындағы Жұмабек Тәшенов атындағы мешіттің бас имамы Мұрсали қажы,ауыл ақсақалдары мерекемен құттықтап,ән-күйге, ұлттық ойындар мен салт-дәстүр көріністеріне кезек берілді.

Наурыз тойына қатысқан үлкен-кіші арқан тартысу, жамбы атудан сайысқа түсіп, шаш өру, шашпау тағудан өзара бәсекелесті.Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Концерттік бағдарламада топарлық және абайлық өнерпаздар өнер көрсетті. Олар халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындап,көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ержан ИМАШ,

Абай ауданы.

Сообщение Наурыз тойы Топарда да тойланды появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қасиетті Қарқаралыдағы Наурыз-Думан
Ұлыстың ұлы күні қасиетті Қарқаралының Орталық саябағында ойнаған әсем ән мен тәтті күйден басталды. Күн арқан бойы көтеріле осы жерде «Наурыз –Думан» атты театрландырылған мерекелік бағдарламаға кезек берілді. Кәмшат Досжанова мен «Аңыз» хореографиялық би ансамблінің орындауындағы «Наурыз» шығармасынан кейін ортаға көңілге шуақ сыйлаған сөзімен Наурыз қыз шықты, Қызыр ата келіп, дүйім жұртқа ақ батасын берді. Ақ жаулықты әжелер де көпшілікке ақжарма тілектерін айтып, шашу шашты.

Суреттерді түсірген: автор.

Ұлыстың ұлы күні жиылған қауымды Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынұлы құттықтады.

– Өздеріңізге мәлім, елімізде биыл Наурыз мерекесін атап өтуде жаңа тұжырымдама қабылданды. Ел Президенті Ұлттық құрылтайда Наурыз мерекесінің мәртебесін көтеріп, мазмұнын байытуымыз қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, Наурызнаманың жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, 14 наурыз Амал күнінен бастап елімізде мерекелік шаралар өтіп жатыр. Осындай шаралар ауданымызда да ұйымдастырылуда. Наурызнама аясында қайырымдылық, мәдениет және салт-дәстүр күні, шаңырақ, ұлттық киім күні, жаңару, ұлттық спорт, ынтымақ, жыл басы, тазару күндері белгіленді. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болып, еліміз өсіп-өркендей берсін! Әр шаңыраққа амандық, баянды бақыт, мол ырыс-дәулет пен толайым табыстар тілеймін,- деді аудан басшысы.

Ұлы думанға суырыпсалма ақындар да келген екен. Бақытжан Үйсінбаев пен Балдырған Жекееваның наурыз-айтысы көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.

Кейінгі жылдары дәстүрге айналған бір тамаша үрдіс – ақсақалдардың бата беру сайысы. Қарқаралыда небір аузы дуалы, сөзі уәлі үлкендеріміз бар. Сол кісілердің бірнешеуі көпшілікке әдемі сөз, әуезді үнімен бата арнағанда ұлтымыздың осы бір ұлағатты ғұрпына сүйінбеген, сүйсінбеген жан қалмады. Ал ақ жаулықты аналарымыз сахна төрінен «Беу, айдай», «Бір бала», «Сәулем-ай», «Әгугай» сынды халық әндерін төгілтті. Ардагерлердің «Қайран жастық» хоры орындаған «Шіркін-ай» мен «Илигай» әндері де көңілімізді толқытты.

Мерекелік көңіл күйдегі халайық әйгілі «Қара жорға» биін «Аңыз» би ансамблінің кәсіби бишілеріне қосыла билеп, бір жырғап қалды.

Әлімжан Мәкенов, Еркебұлан Уалханов, Нұрсұлтан Қасымбек, Аида Әбілқасымова, Баян Ахметова, Гүлмира Сламбеков, Қанат Мүслимов, Арай Құснитденова сынды әншілер мен өнерпаздар Қарқаралы жұртына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Орталық саябақтың бір түкпірінде күрес, асық, садақ ату сынды ұлттық спорт түрлерінен бәсеке жүріп жатса, бір жерде жас аналар арасында бесік жырын орындаудан сайыс ұйымдастырылды. Мереке күнгі жарыстарға қатысқан жандар сыйлықсыз, марапатсыз қалған жоқ.

«Наурыз –Думан» театрландырылған мерекелік бағдарламасының аясында Қарқаралыдағы Өнер мектебінің, Мәди Бәпиұлы атындағы №44 орта мектептің, О.Жәутіков атындағы №1 орта мектептің, Ә.Ермеков атындағы №2 орта мектептің шәкірттері де арнайы дайындықпен келіп, халық алдында өнер көрсетті.

Қарқаралыдағы Наурыз тойы әлі де жалғасуда. Мерекелік демалыста жүрген көпшілік үшін мұның бәрі айтарлықтай сый, тамаша тарту болды. Наурыз құтты болсын, жаңа жыл халқымызға жаңа берекесімен келсін деп тілейміз.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,

Қарқаралы ауданы.

Сообщение Қасиетті Қарқаралыдағы Наурыз-Думан появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Өзегіне өнеге тұнған
Наурызды мерекелеу дәстүрлерін сақтау мен болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы туралы бірер сөз.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Мәселен, күн мен түннің көктемде теңесер шағын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдылықтар «Наусарыз» деп түрліше атаған. Абай: «… Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді» – деп жазады. Яғни, Ұлыстың ұлы күні дегені – Елдің, Қағанаттың, Хандықтың, Мемлекеттің ең ұлы күні деген сөз. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады. Қазақ халқы да жыл басы мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған.

Шығыстық данышпандар М.Қашқари, ­­­­­Ә.Райхан Бируни, Ә.Фирдауси, Ә.Науай, ­О.Хаямнан бастап, қазақтың Абай, Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин сынды ірі тұлғалары Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, ұлағатты сөздер жазып қалдырған. М.Дулатов «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп» деген мәтелді тілге тиек ете келе былай деп жазады: «Мұсылман жұрттарына ортақ, жылына екі рет келетін Ораза, Құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз мейрам бар, ол – Наурыз» (А.Тоқтабаев).

Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыс­тың ұлы күні – ұлыс күні» деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Шәкәрім бұл процесті айқын ашып көрсетеді: «Наурыз – парсы тілі: Жаңа күн деген сөз. Мұны қазақтар Бұқар, тәшкендік қожалардан үйренген. Ескі қазақта (ескі түрікте) Жаңа жыл күннің аты – Ұлыс».

Халықта бұл күнге лайық салт-дәстүрлер де бар. «Қазақ халқының діннен кейінгі күшті құралы – салты мен дәстүрлері» (Ә.Бөкейханов). Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани құндылықтар. Осы құндылықтардан ұлттық рух қалыптасады. Ұлттық рух – өткінші әдеттерге бағынбайды. Ұлттық рух ұғымы діл (менталитет) деп те аталады.

Қызыр түнін ұйықтамай өткеру үшін ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал, жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қолақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – құлпырудың, жайнай берудің белгісі.

Ұлыстың ұлы күніндегі ең киелі рәсім – көкжиектен шапақ шашып шашырай шығып келе жатқан күнді қарсы алу дәстүрі. Мұндайда ақжаулықты аналар тостағанға ақ құйып алып шығып, күн көзіне қарата шашып, үш мәрте тізе бүгіп тағзым етеді. «Атар таңға, шығар күнге тәу-тәу, басымызға амандық, малымызға береке дарыта көр», – деп тілек тілейді. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар, ер адамдар қос қолдасып, төс соғыстырады, әйелдер болса құшақтасады. Қос қолдап амандасып, төс қағыстыру «Өмір тірегім – төсім, тіршілік көзім – екі қолым аман-сау болсын!» дегенді білдіреді.

Ұлыс күні әрбір отбасы дастарқанын ықыласпен жасақтап, үйге кірген адамның көңілі қош болуына айрықша мән береді. Ұлыс дәмінің басы деп жеті түрлі азықтан Ұлыс көже дайындайды. Әрбір үй азықтың ыңғайына орай Ұлыс көжені ет, бидай, тары, қамыр, тұз, ірімшік, қатық сияқты жеті түрлі азықты қосып пісіру арқылы дайындайды. Мұның сыртында дастарқанға жамбас, бас, қазы, қарта, шұжық сияқты соғымның арнайы іріккен кәделі тағамдар да қойылады. Көктемгі төл төгінінің айғағындай болып туырылған уыздың жөні бір бөлек. Тілек айта келгендер әр үйдің тағамынан сарқыт алып, оны өз үйіндегі тағамға қосады. Мұнысы – «Жаңа жылда осылай араласып, тату-тәтті өмір сүре бере­йік» деген тілеуі. Осыған байланысты Ұлыс күні амандасудың, бата-тілек айтудың мына сияқты үлгісі қалыптасқан:

Осы жылда басың аман болып,

Малың көбейсін.

Егінің бітік шығып,

Молшылық болсын!

Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Мұндай батаны «Уыз бата» деп дәріптейді. (А.Сейдімбек).

Ұлыс күні хан мен құл, бай мен кедей, еркек пен әйел, үлкен мен кіші, ата мен күйеу, ене мен келін, т.б. сияқты әлеуметтік топтар өзара әзіл жарастырып, ниет ортақтастырып, әркім өзін шын мәнінде уақыт пен кеңістік аясындағы ұлы құбылыстың бір бөлшегіндей сезінеді.

Көптеген халықтардың салт-дәстүріне айналған Наурыз тойының қалыптасуына Табиғат пен қоғамның, Ел мен Елдің, Адам мен Адамның арақатынасындағы тепе-теңдік заңын бұзбайтын, таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын және әрбір жеке адамның ар-ұятының тазалығын сақтайтын ұлы өнегелер мұрындық болған. Сондықтан да, енді егеменді ел болғанда, Ұлыстың ұлы күнінің халық жадынан ұмытылған сырлары мен қырларын қайта жаңғыр­ту – бүгінгі күннің талабы.

Ерғазы ҚАДАШҰЛЫ,

тарихшы

Сообщение Өзегіне өнеге тұнған появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Польша: Қазақстан жасай берсін!
Польшаға қоныс аударғаныма он жылдан астам уақыт өтіпті. Краков деген қаласында тұрып жатырмын. Польшаның әр қаласына қоныстанған қазақтар Наурыз мейрамын ескерусіз қалдырмайды. Барлық қандастар бірігіп, аса бір ауқымды шара емес, әр қала жеке-дара өткізеді. Айталық, Варшаваның қазақтары өз алдына бірігіп, Наурызды қарсы алады. Краковтың қазақтары жеке дегендей. Польшаға қазақтар соңғы он жылда көптеп келе бастады. Оның көбісі – студент Қазақстан жастары.

Сурет автордан

Биыл ораза Наурызбен тұспа-тұс келіп тұр. Сол себепті, ораза аяқталған соң сәуірде Наурызды тойлауды ұйғарып отырмыз. Пандемияға дейін бұл мерекені атап өту дәстүрлі түрде жалғасып келген еді. Пандемия кезінде сәл іркіліп қалды. Дегенмен, былтыр Польшада оқитын қазақтың балалары-студенттер мұрындық болып, саябақта ұйымдастырды. Биыл оразадан соң, сәуірдің 13-інде өткізу ойымыз бар. Идея ортаға тасталды.

«Краковтың қазақтары» деген телеграм-арнасы жұмыс істейді. Онда осындағы қазақтар тіркелген. Сол арада отандастар бір-бірімен танысып-білісіп жатады.

Польша қазақтары Ұлыстың ұлы күні Қазақстанға жарқын болашақ тілейді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отанымыз көркейіп, қанатын кеңге жаюына тілектеспіз! Туған жердің орнын ештеңе алмастыра алмайды. Қандай жұмақ мекен болса да, туған топыраққа жетпейді. Жүрегіңіз елжіреп тұрады. Шет жүргенде адам тілінің, елінің қадірін түсінеді екен. Қазір қазақтар ана тілімізде сөйлесіп, тек ана тілімізде ақпарат алмасуға ұмтыламыз. Тілімізді қастерлеуге ұмтыламыз. Болмысымызды жоғалтпауға тырысамыз!

Отанымыз – Қазақстан жасай берсін! Ұлыс оң болсын!

Мәдина АБЗАЛБЕКОВА,

Краков қаласының тұрғыны.

Сообщение Польша: Қазақстан жасай берсін! появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Талғат МҰҚАНОВ, Әзірбайжандағы Қазақстан өкілі: Туған жер топырағына құт-береке әкелсін!
Түбі бір түркі жұрты үшін Ұлыстың ұлы күні – ортақ. Атауы түрлі болса да, оның түркілер үшін дәстүрмен сабақтастығын ешкім жоққа шығара алмайды. Тіпті, шет елде жүрген отандастар, бауыр­лар, қандастар Наурызды қарсы алуда жұдырықтай жұмылып, ынтымақ-ымыра танытатыны таңсық емес. Қайсыбірі тағдырдың жазуымен сол жақта туып, кіндік кессе, кей қазақстандықтар қызмет бабымен шекара асты. Шет мемлекеттерде 7 миллионға жуық қандасымыз жүр. Бұл туралы Дүние­жүзі қазақтар қауымдастығының жанынан құрылған қоғамдық кеңесі былтыр мәлімдеген болатын. Олар Қытай, Моңғолия, Ресей, Еуропа, Иранда шоғырланған дейді деректер. Десек те, кәрі құрлық – Еуропаның Германия, Франция, Польша, Венгрия секілді елдерінде де бауырлар баршылық. Күні кеше Парижде Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» шығармасы насихатталды. Мұндай миссияны іске асырушының бірі – Әзірбайжандағы Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қорының дипломаты, Қазақстанның өкілі Талғат Мұқанов. Талғат Нәбидоллаұлының айтуынша, Бакудегі әрі Париждегі бауырлар Наурызды атаусыз қалдырмайды. Наурыз мейрамы қарсаңында отандасымыздың ел мен жерге деген сағынышын, ізгі ілтипатын жеткізген сұхбаты назарларыңызда…

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

– Ұлыстың ұлы күні қарса­ңында жат жердегі қандастардың, бауырлардың, отандас­тардың бұл мерекені аса бір ыждаһатпен атап өтетінін естіп те, көріп те жүрміз. Өзге елде жүргенде туған жерге, елге деген сағыныш, саздың болары тағы хақ. Әзірбайжандағы бауырлар Ұлыстың ұлы күні тағы да бас қосатын болар…

– Түркі тілдес халықтарға ортақ мейрам деп есептелетін Наурыз мейрамы – қазақ үшін орны бөлек, ерекше думан. Себебі, түпкі мағынасында қаһарлы қыстан аман-есен шығып, шуақты көктемнің келгені меңзелсе, екінші жағынан 21-інен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеліп, Жаңа жылдың келгені тойланады.

Әрбір халықтың мейрамды тойлау кезінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Наурыз – қазақ халқының басқа ұлттардан ерекшелейтін негізгі қасиеті, қонақжайлығын паш ететін керемет мейрамдардың бірі. Бұрынғы кездермен салыстырғанда, барлық дәстүрлер қайта жаңғырып, ойындар ойнатылып тойланбаса да, қазіргі уақытта мейрам тек ауыл-аймақ, көрші-қолаңды қамтитын ғана емес, қалалық, рес­публикалық деңгейде тойланатын думанға ұласқан. Шын мәнінде, ата-бабамыздан жеткен асыл мейрамның мақсаты – адамдарды, яғни, туыс-туғанды, дос-жекжатты біріктіретін, араласуға себеп болу, қарым-қатынас орнату күні. Сондықтан, біз Әзірбайжан елінде міндетті түрде қазақтардың басын қосып, өзге ұлттарды қонаққа шақырып, дәм татқызып, түрлі ұлттық ойын-сауықтарды қамтитын шаралар өткіземіз.

– Бұл күні бауырлар тарапынан ұлттық дәстүрдің қайсысы жаңғырады екен?

– Наурыз – дәстүрлер мен құн­­­дылықтар жаңғыратын ұлт пен ұлтты, туыс пен туғанды жа­қын­дастыратын ұлттық, жалпы­ха­лықтық мейрам ғана емес, жас­­тарды табыстыратын шақ. Сон­­дықтан, қазақтың дәстүріне сай салттың көбін ескеруге ұм­ты­ла­­мыз.

2023 жылы қазақ қауымдас­тығы болып, институт ұйымдас­тыруымен киіз үй құрылып, Кас­пий жағасында шаралар өткен еді. Мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылады. Әзірбайжанда жүрген қазақ бауырлардың «Қазақстандықтар» деген арнасы бар. Ол да өзінше бір тамаша алаң. Сол арада отандастарымызбен туындаған мәселелерді талқылап, бір-бірімізге қал-қадірімізше көмек береміз.

Енді Наурыз тойына келсек, менің өзімнің атқарып жатқан қыз­метім – түркі мәдениетін, мұрасын зерттеу, қорғау және насихаттау. Сол себепті, біз үшін де өте маңызды. Мәселен, біз міне, Париж қаласына келдік. ЮНЕС­КО ұйымы арқылы Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегін дәріптеу – мақсатымыз. Сонымен қатар, Париждегі қазақтар Наурыз мерекесін атап өтуде. Наурыз – түркі үшін ортақ мейрам. Бұл тақырып – маған өте жақын.

– Өзіңіз Әзірбайжанға қашан табан тіредіңіз? Бакудесіз ғой…

– Әзірбайжанға келгеніме бір жарым жыл уақыт болды. Бакудің өзінде тұрамыз.

– Ел мен жерді, дәстүр мен ғұ­рыпты, ұлттық құндылықтарды дә­ріптеуде мұндағы қандастарымызды біріктіретін қан­­дай да бір ұйым-бірлестіктер жұмыс істей ме?

– Жоғарыда айтқанымдай, өзім – Халықаралық түркі мәдени­еті және мұрасы қорында қызмет атқарып жүрмін. Қордың көздегені – жалпы түркі мұрасын зерт­теу, насихаттау және қорғау. Түрлі шаралар өткізіп, жобаларға қолдау көрсетеді. Осылайша, түркі дүниесін басқа өркениетке таныту – міндет.

Тілге келсек, әзірбайжан мен қазақ тілінің төркіні өте жақын. Өзім бір жылда әзірбайжан тілін меңгеріп алдым. Сөздердің шығу төркіні қазақпен бірдей. Әрине, жылдам сөйлегенде басқаша естілуі мүмкін. Бірақ зер салсаңыз, оның тамыры бір екенін аңғарасыз. Қазақстанның батыс өлкелерінің диалектілерімен Бакудің тілі ұқсас. Мысалы, әзірбайжанда «Рақмет!» орнына «Сау бол!» дейді, бізде батыста да «Сау бол!» дейді. Ақтау, Атырауда көңілінен шыққан зат­қа «қошым келеді» дейтіні бар. Мына жақта да дәл сондай мағынада айтылады.

– Жалпы, Әзірбайжан топырағында қанша қазақ түтін түтетіп отыр?

– Баку қаласында тұратын қан­дастарымыз көп емес. Отандастарымыздың көбісі Әзірбайжан ас­танасынан алшақта тұрады екен. Есесіне, Бакуде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің саны жыл өткен сайын артып келеді.

– Осы елде «Қазақ» деген аудан және қала бары белгілі. Бұл мекеннің тарихы қазақпен байланыс­ты деседі. Сіздің пікі­ріңіз…

– Иә, «Газах» деген аудан бар. Қазақтармен ұқсастық өте көп. Салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілікте­рінде етене жақындық байқалады. Мысалы, тіпті, құрт жайғанда да Жетісу өлкесіндей домалақ қып жаюының өзі де бір ұқсастық.

Қазақ ауданы – Әзірбайжанның солтүстiк-батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан Гәнжә-Қазақ жазығында орналасқан, Грузия және Армения Рес­публикаларымен шекаралас. Түр­кілер көшпелі болғаны мәлім. Сол кезде де Кавказ жаққа да сапарлаған болуы керек.

– Жергілікті әзірбайжан хал­қы наурызды қалай атап өтеді? Олардың бізден ерекшелігі не­де?

– Әзірбайжанда бұл мерекені «Новруз байрамы» деп атайды.

Негізі, Наурыз мерекесіне да­йындық бір ай бұрын басталады. Наурыздың алдындағы төрт сейсенбі төрт дүлей күшке арналған. Бұл дәстүр «чершенбе ахшамы» деп аталады, ел аузында қысқаша «чершенбе» делінеді. Осылайша, әр сейсенбі сайын Су, Од, Йел және Торпаг (немесе Ахыр) чершенбе (Су, От, Жел және Жер күні) атап өтіледі. Бұл элементтердің оянуы бесінші элемент – Наурыздың келуіне, Жердің қайта тірілуіне әкеледі.

Наурыздың негізгі символы – семени (өнген бидай). Ол табиғаттың оянғанын білдіреді. Семени Наурыз мерекесіне дейін бірнеше апта бұрын дайындала бастайды. Ол дастарханға қойылар алдында қызыл лентамен оралады.

Мереке аяқталғаннан соң се­мени тасталмайды, бидай­дан тәт­тілер әзірленеді. Әзербайжандық­тар Наурызға арналған дас­­­­­­тар­­қанды дайындауға көп кө­­­ңіл бөледі. Дәстүр бойынша, әр от­басы дастарқанға «с» әрпінен бас­талатын жеті тағамнан да­­­йында­латын ас қояды. Үстел үс­тінде сумах, сюд – сүт, сирке – сірке суы, семени – бидайдан жа­салатын ботқа, сэбзи – көкөніс және т.б. тұруы керек.

Дәстүрлі тамақтардан бөлек, үстел үстіне айна, майшам және боялған жұмыртқа қойылады. Аталған заттардың терең мағынасы бар. Майшам адамды жаман рухтардан қорғайтын жарық пен жалынды, айна Жаңа жылдың келуін немесе тазалықты білдіреді.

– Өзіңіздің осы елдегі өмі­ріңізді де білу бізді қызықтырып отырғаны жасырын емес…

– Біз дипломат болған соң қай елге жіберсе, сол мемлекетте елге қызмет қыламыз. Ең бастысы – екі ел арасында татулық орнату. «Елдестірмек – елшіден, жауластыр­мақ – жаушыдан» дейді қазақ. Біздің қызмет – елдестіру. Өзім жалпы халықаралық қатынастар факультетін тәмамдадым. Содан бері 13 жыл мемлекеттік қызметтемін. Соңғы жылдары Сыртқы істер министрлігінде басқарма басшысы болып, содан кейін осы Бакуге жұмыс ұсынды. Оған қуана келістім. Қазіргі уақытта дипломатиялық миссиямды атқарып жүрмін. Бұл елде қызмет ету ыңғайлы. Себебі, бауырлас ел. Тарихымыз, дініміз, діліміз бәрі ұқсас. Жергілікті халықтың қазақстандықтарға ниеттері түзу.

Көптеген мемлекетте болдым. Қазақтарға деген пейіл оң. Оның астарында еліміздің салиқалы саясаты, қазақтың кішіпейіл, қонақжайлығы, кеңдігі, дархандығы жатыр деген ойдамын. Оған қоса, жырақта жүрген отандастарымыз­дың бөтен елге өздері арқылы біздің мәдениетіміз бен болмысымызды танытуда түзу көзқарас қалыптастыруы да бар.

– Туған елге Ұлыс күні қарсаңында бір ауыз лебізіңізді жет­кізуге біз мұрындық болсақ. Ел-жұртыңызға тілегіңіз…

– Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар, ба­уырлар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы кү­ні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жа­ңа жылдың бастауы – Наурыз мей­­рамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

– Осынша тығыз жұмыс кес­теңізге қарамастан уақыт бөліп, сұх­бат бергеніңізге мың алғыс! Ұлыс оң болсын!

Сұхбаттасқан Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ.

Сообщение Талғат МҰҚАНОВ,  Әзірбайжандағы Қазақстан өкілі: Туған жер топырағына құт-береке әкелсін! появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қоғамды біріктіреді
Наурызнама тұжырымдамасының оң әсерін қазір барлығымыз сезінудеміз. Бұл өзгерістерді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтқандай, өзімізден бастауымыз керек. Отбасымыздан, өз үйіміздің тазалығынан бастау керек.

Сурет: qonaev-gorod.kz сайтынан

Бүгінде барлық мектептердегі оқушылар ұлтына, тіліне қарамастан, ұлттық киім киіп жүр. Қандай жарасымды! Ішкі мәдениеттен сыртқы мәдениет бастау алады. Бастысы – келісім мен татулық.

Наурыз түркі халықтарының тарихынан бастау алады. Бүгінде оның жаңаша форматта жаңғырып жатқанын көреміз. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы осы тұжырымдама аясында көптеген шараларды ұйымдастыруда. Мәселен, өткен сенбі күні 14 салалық кәсіподақ ұйымдарының мүшелері Чкаловский су қоймасына балық аулауға шықты. Оған Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жариялаған 2024 жыл – «Лайықты еңбек жылы» аясында еңбек адамдары арасында салауатты өмір салтын және белсенді ұжымдық демалысты насихаттау мақсатында облыс кәсіподақтарының бастауыш ұйымдары мен Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіп­одақтарының аумақтық құрылымдары бас­тамашы болды. Әр учаскеде қатысушылар мен жанкүйерлерді жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Валерий Громов бастаған төрешілер алқасы бақылап отырды. Осындай шаралар адамдарды жақындастыра түседі. Бұл жерде ортақ қызығушылық, ортақ мақсат пен мүдде бар. Жоғарыда айт­қанымдай, келісім мен татулық бәрінен маңызды. Наурыз мерекесі осы татулықты сақтауға, бірлікті насихаттауға, адами және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге сөзсіз ықпал етеді.

Татьяна ШАТОХИНА,

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары, «Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы

Сообщение Қоғамды біріктіреді появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Ұлыс мейрамын өз деңгейінде ұлықтап жүрміз бе?
Қазақ жеріне ырысы мен берекесін алып, Ұлыс мейрамы табалдырығымыздан аттағалы тұр. Осы бір қадірі мен қасиеті мол мейрамды біз өз деңгейінде атап өтіп жүрміз бе? Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Saryarqa Aqparat» медиахолдингіне қарасты облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газеті дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Онда қоғам қайреткерлері, қаламгерлер мен халық қалаулылары бас қосып, пікірлерін ортаға салды. Аталған шара Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті.

Жасыратыны жоқ, бүгінде Наурыз мейрамы киіз үй тігу мен бауырсақ пісірудің деңгейінде қалып қойды. Ас ішіп, аяқ босатудың шеңберінен шыға алмай келеміз. Ал, бұл келешек ұрпаққа не береді? Жиынға қатысушылар мейрамды заманға лайықтап, жаңашыл форматта өткізу мәселесін талқылап, келелі ой қозғады.

Шараға қатысушылардың қатарында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер Кеңес Жұмабеков, облыстық мәслихаттың депутаттары Айтбай Жұмағұл пен Меруеш Башай, қоғам белсендісі Майра Абдрахманова, Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған «Qazaq сlub» төрағасы Нұржан Сұршаұлы бар. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде, ұлттық идеологияны жасаудағы маңызы һақында әңгіме өрбітті.

Дөңгелек үстелде айтылған пікірлерді газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Сообщение Ұлыс мейрамын өз деңгейінде ұлықтап жүрміз бе? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.