Тағылымды кеш

    Ақадыр кентіндегі балалар кітапханасында күміс көмей шешен, дала данышпаны қоғам қайраткері Қазыбек биге арналған кеш өтті.

Кітапхана жанындағы «Жауқазын жырлар» клубының мүшелері және Ю. Гагарин атындағы мектеп лицейінің 7 «В» сынып оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Л. Әупешованың жетекшілігімен бірігіп «Күміс көмей, кемеңгер би» атты мүшәйра ұйымдастырылды. мәдениет үйінің музыка жетекшісі А. Бейбітханова, көркемдік жетекшісі А. Жиенбаева, режиссер С. Сарғасқаева арнайы қатысты. Қазыбек бидің өмірі мен қызметі жайлы, шығармалардан библиографиялық шолу жасалып, әдеби викторина жүргізілді. Мүшәйра екі  аталым бойынша өтті. Кеш соңында қонақтар бидің өмірі мен қызметі туралы, шешендік өнердің балаларға берер тәрбиелік мәні туралы тартымды пікірлерін ортаға салды. Кешке қатысқан жас оқырмандар марапатталды.

Сондай-ақ,  «Орта жүздің әйгілі биі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Б.БӘКІРОВА,

кітапханашы.

ШЕТ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.