Тәуелсіздікке тарту

Тәуелсіздікті ұлықтап, азаттығымызды айшықтаудан қалыс қалған өңір жоқ.

Ауыл мектебінде де «25 жылдыққа – 25 шара» атты ауқымды бағдарлама әзірленіп, түрлі тақырыптық конференциялар, сурет, қолөнер көрмелері ұйымдастырылуда. Тұлғатану мақсатында алаш қайраткері Ә.Бөкейханов, зар заман ақыны Д.Бабатайұлы жайлы оқушылар конференциясы, Абай шығармашылығына арналған әдеби кеш, ғарышкер Т.Әубәкіров пен ақын Қ.Аманжоловқа арналған поэзия сағаттары жан-жақтылығымен, мазмұн тереңдігімен ерекшеленді.

Мектеп кітапханашысы Г.Шаймағанбетованың ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстел «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдығына арналды. Жоғары сынып оқушылары байырғы басылым қаламгерлерінің іргесі қаланған сәттен бүгінге дейін облыстың бай шежіресін талмай жазып, ұлттық рухты қалыптастыруда тынбай еңбек етіп келе жатқандарын тілге тиек етті. Жас өрендер газет бетінде қозғалатын өзекті тақырыптар жайында ой өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Жүрегі қазақ деп соққан әр азаматтың шаңырағынан «Орталық» орын алса деп ой түйді.

Тұрсын ЖАҚЫПБЕКОВА.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.