Түрмедегі «той»
Қарағанды облысы мен Ұлытау өңіріндегі Қылмыстық атқару жүйесінің N33 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы сүйіктісіне үйленді. Неке қиюды тіркеуді АХАТ қызметкері жүргізген. Салтанатты рәсім барлық дәстүрлерді сақтай отыра өтіп, сол күні жас жұбайларға неке куәлігі табыс етілді.
– Біздің махаббат сонау 2010 жылы танысқан кезден басталған. Өмірде әртүрлі жағдайлар болды, бірақ бір-бірімізді ұмытқан жоқпыз. Соңғы екі жылда ол мені қолдады. Төрт ай бұрын мен оған үйленуге ұсыныс жасадым. Көпке қалдырмай, бірден арыз бердік. Міне, бүгін бір отбасы болдық», – деп бөлісті сотталушы.
Неке қию рәсіміне мекеме басшылығы қатысып, жас жанұяны жаңа отбасының құрылуымен құттықтап, отбасыларына амандық, жазасын өтеушінің тезірек босап шығуына тілектестік білдірген. Айта кетейік, жыл басынан бері мекемеде үш неке тіркелген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.