Жаңалықтар

Төрлет, төл мейрам!

Сурет kazpravda.kz

Наурыз – көктемнің, жаңарудың және берекенің бастауы. Бұл мейрам халықты татулық пен бірлікке үндеп, болашаққа деген сенімді нығайтады. Кәсіпкерлік қауымдастық үшін де бұл – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, өркендеуге бастайтын ерекше кезең.
Осы шуақты мерекеде әр отбасыға молшылық, табыс пен береке тілеймін. Ел дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер­дің ісі өрге бассын, жұртымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!
Наурыз әрбір шаңыраққа қуаныш пен жақсылық әкелсін! Жаңару мен мол мүмкіндіктер кезеңі сәттілік пен табысқа жетелесін. Ел іргесі берік, кәсіп өрісі кең, болашағымыз жарқын болғай! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Зор құрметпен,
Серік САНАУБАЕВ,
«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button