Жаңалықтар

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылардың жұмысы аяқталды

Түркиядағы жойқын зілзаладан соң 10 күн бойы іздеу-құтқару шараларын жүргізген қазақстандық құтқарушылар өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ortalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрдағы қаласындағы 35 құтқарушы өздеріне тапсырылған учаскеде барлық жұмыстарды бітірген. Олар үйінді астынан 3 адамды алып шықты.

Одан кейін Газиантеп қаласындағы құтқарушы топ та жұмысын аяқтап, техникалары мен құрал-саймандарын жиыстырып жатыр. Газиантеп қаласында құрылған жылжымалы аурухана да жиналды. Қазақстандық дәрігерлер 140 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеткен. 

10 күн ішінде қазақстандық құтқарушылар 8 адамды үйінді астынан алып шыққан. Ертең олардың алғашқы легі елге орала бастайды.

– Берілген тапсырмаларды орындап, жұмыстарды аяқтап жатырмыз. Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Құтқарушыларымыз күні-түні кезекшілікке бөлініп, жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс. Өздеріңіз де басқа мемлекеттердің, осы түрік елінің құтқарушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтадық, – деді ҚР ТЖМ бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпан күні Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарына көмек көрсету үшін Түркияға аттанған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button