Жаңалықтар

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарына көмек көрсету үшін Түркияға аттанды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты және Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

СІМ мәліметі бойынша, қазіргі сәтке дейін онда Қазақстан азаматтары зардап шекті деген ақпарат келіп түскен жоқ. Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button