АймақҚарқаралы

Түркістаннан Бас жүлдемен оралды

Қарқаралылық «Аңыз» үлгілі хореографиялық би ансамблі Түркістанда өткен «Жұлдыз өнері Қазақстан» халықаралық байқауынан Бас жүлде мен І орынды жеңіп алды. Бұдан бөлек, ұжым Түркия, Египет, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елінде өтетін халықаралық шығармашылық байқауларға шақырту алды.

Аталмыш байқауға елдің түкпір-түкпірінен мыңнан астам талантты жас қатысқан. «Аңыз» үлгілі хореографиялық би ансамблінің орта және ересек тобы қатысқан. Орта топтағылар «Өрнек» биін орындап, Гран-при жеңіп алды. Ал, ересек топтағылар «Наурыз думан» биін билеп, І орын иегерлері атанды.

– Киелі Түркістанда өткен бәсі биік байқауға қатысу – үлкен жетістік. Сапардан түйгеніміз көп. Бір-бірімізге деген мейірімділік, достық қарым-қатынасты сезіндік. Әрі түрлі би ұжымдары мен өнер адамдарымен таныстық. Әрі үлкен тәжірибе жинап қайттық, – деді ансамбль мүшесі Айым Амангелді.

Сонымен қатар, команда Түркия, Египет, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елдерінде өтетін халықаралық байқауына өнер көрсетуге тегін жолдама иеленді. Енді олар әуелі 3-9 аралығында Ыстықкөлде өтетін байқауға барады.

 – «Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблі 1990 жылы Қарқаралы қаласындағы №2 орта мектепте құрылған. 30 жылдық тарихы бар ансамбль бүгінде облыс, республика көлеміндегі көптеген атақ-даңққа ие болды. Ал, 2008 жылы ұжым «үлгілі хореографиялық ансамбль» атағын қорғады. Қазіргі уақытта құрамда 60-тан астам биші бар. Әрі осы уақытқа дейін 200-ден астам шәкіртін түлеткен. Бүгінде түлектер түрлі би топтарында өнер көрсетуде, – деді  Хореограф және топтың жетекшісі Ләйла Іргебаева.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button