Жаңалықтар

Тұрғындар тілегі орындалды

Қазан айының басында ескі «ПАЗ» автобусына тұрғындар бірнеше рет шағымданғаннан кейін Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Құлекеев қоғамдық көлікке өзі мініп, көлік паркімен бірлесіп шешуді қажет ететін бірқатар мәселелерді анықтағанын жазған болатынбыз.

Сапардан кейін аудан әкімі рейстегі барлық кемшіліктерді атап өтіп, оны тасымалдаушы компаниямен бірігіп шешуге уәде берген еді. Бүгін аудан әкімдігі бұл бағытқа жаңа автобус шыққанын хабарлады.

– Көп жылдардан бері алғаш рет бүгін жұмысқа рахаттанып, жылылық пен жайлылық сезініп бардым. Бұл нағыз бақыт! Мәселе осыншалықты тез шешілер деп ойламаған едік. Осындай қуаныш сыйлаған азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді Пришахтинск қаласының тұрғындары.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button