Ресми

Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет ардагерлері қатарынан құрылған Тәлімгерлер кеңесінің кезекті  отырысы өтті. Отырыста Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова мен Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Нұртай Смағұл атқарған жұмыстары және алға қойған жоспарлары туралы баяндады.

Департаменттің баспасөз қызметінен

Отырыс барысында мемлекеттік қызмет ардагерлері пікірлерін ортаға салып, жас басшыларға тәжірибесімен бөлісті. Ақыл-кеңестерін айтып, бағыт-бағдар көрсетті.

Айта кетейік, тәлімгерлер кеңесінің жұмысы бұдан әрі қарай мемлекеттік органдар арасында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Департаменттің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button