Шет

Тұлғаға құрмет

   Ақадыр кенттік балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Мұхтар ӘУЕЗОВТІҢ 120 жылдық мерейтойына орай Ақадыр кентіндегі Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейде «Мұхтар Әуезов әлемі» тақырыбында конференция өтті.

Кеш өткен оқырман залына «Ұлттың ұлы жазушысы» атты кітап көрмесіне жазушының жүз томдық шығармалар жинағы қойылды.

Кеште кітапханашылар Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі жайлы баяндама жасап, шығармаларына әдеби-библиографиялық шолу жасады. Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 8 «Г» сынып оқушылары – Е.Мұхамедқалы «Қыр әңгімелері», «Сыбаның моласында», С.Серік «Жетім», «Үш күн», А.Татыбекова «Кінәшіл бойжеткен», «Бүркітші», «Барымта» әңгімелерін оқыды. 9 «Г» сынып оқушылары – Г.Төлеубекова, А.Серік, Т.Мартбек, А.Саматова, Ж.Кәріғұл жазушының «Абай жолы» романын тарау бойынша мәңерлеп жатқа айтып, оқығандарына талдау жасады.

Кеш соңында белсене қатысқан жас оқырмандар кітапхана тарапынан марапатқа ие болды.

Ж.ШОПАНОВА,

Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button