Қарағанды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Қоғамда әр тұлғаның санасына құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін, мектепте құқықтық мәдениетті одан әрі арттыру, түсіндіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнінде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. № 48 ЖББОМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Осы клуб мүшелерінің көмегімен ай сайын іс-шаралар жүзеге асады.

Оқушылардың бойында патриотизм, Отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу үшін сынып сағаттары өткізіледі. 9-11 сыныптар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас практикумы өткізілді. Практикумда оқушылар «Құқық бұзушылықтарға – мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашып, «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» пікірі негізінде «Әр адам не істей алады?», «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» сұрақтарына өз ойларын айтты.

Мәңгілік ел идеологиясының «түпқазық» жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау барысында 1-4 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет байқауы өтті.

Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуі үшін «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты 5-8 сыныптар арасында шығарма байқауы және т.б. іс-шаралар өткізілді.

Осындай іс-шаралар өскелең ұрпаққа құқықтық құбылыстар туралы, қазіргі қоғам өміріндегі және саяси жүйедегі құқықтың орны мен ролі туралы, құқықтық мінез-құлық және құқықбұзушылық, адам құқықтары мен бостандықтары, тұлға мен мемлекеттің өзара қатынасы туралы білім жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.

«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз»,- деп еді Елбасымыз. Сондықтан, қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.

А.ДҮКЕНБАЕВА,

48 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button