Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресеміз

     Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық» деп атап өтті.

Шынында да, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ басталды. Атап айтқанда, 1992 жылы 17 наурызда Қазақстан Президентінің «Ұйымдасқан қылмыс түрлерімен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шаралары» Жарлығы, 1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды.

Президент биылғы Жолдауында басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге аударылып отырғанын, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет екенін ескертті.

Жемқорлықпен күресте тиімді тәсілдің бірі – жариялылық. Сот саласында жемқорлық жайларын болдырмау, алдын алу шаралары жасалған. Судьялардың қараған істері бойынша шығарылған сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін соттардағы «бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық – талдау жүйесі» бағдарламасы арқылы Жоғарғы Соттың web – сайтында жарияланады. Қазіргі уақытта барлық соттарда сот жұмысы бейнежазба арқылы бақыланады, оның мақсаты – сот талқылауының жариялылығы мен көпшіліктің сот актілеріне қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың не құқық қорғау, не басқа мемлекеттік органдарының ғана емес, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны адал орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін әрдайым таза ұстауы тиіс. Тек сонда ғана оларға қарапайым халықтың сенімі артып, қоғам түзеледі.

Елбасы өз Жолдауында айтқандай, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты, әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Е.БЕЙСЕМБАЕВ,

аудандық сот судьясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button