Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің болашағы үшін күрес

Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады.

Сурет: Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Біздің азаматтық ойлауымыз сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көрінісіне кедергі келтіруі тиіс, өйткені егер біз қазір сыбайлас жемқорлықты қабылдайтын болсақ немесе оны қолдайтын болсақ, онда біздің балаларымыз бен Қазақстанның болашағы қандай болмақ?!

Біздің әрқайсымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпы ісіне өз үлесімізді қоса аламыз: жеке, қоғамдық және кәсіби өмірде сыбайлас жемқорлық әдістерін қолдануға жол бермеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың белгілі фактілері туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру.

Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қол қойды.     

Басқарма басшысының қызметін бағалау сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша түпкілікті нәтижеге тоқсан сайын қол жеткізе отырып, “сыбайлас жемқорлық деңгейі” нысаналы индикаторымен толықтырылды.

Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірленді және бұйрықпен бекітілді, ол Басқарма кеңсесінде орналастырылған.

Тоқсан сайын Басқарма басшылығының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітіледі.

Бұйрықпен Басқарманың 2024 жылға арналған қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді. Тоқсан сайын жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін ішкі талдау жүргізеді.

Басқарма ғимаратына кіре берісте азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін жәшік орнатылған. Ағымдағы мезгілде «шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» өтініштер түскен жоқ.

            «Сенім телефоны» Басқарма кеңсесінің стендінде орналастырылған, телефон нөмірі ай сайын әлеуметтік желілерде жарияланады.

Facebook және Instagram ресми парақшаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар (бейне, ақпараттық кестелер, мақалалар) ай сайын жарияланады.

            Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы зерделеу бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіледі, жыл басынан бері 12 сабақ өткізілді.          

Өтініштерді тіркеу  азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы «Е-өтініш» арқылы жүзеге асырылады, жыл басынан бері барлығы 20 өтініш келіп түсті.

Мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы электрондық тәсілмен көрсетіледі. 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ, шағымдар түскен жоқ.

Басқарма қызметкерлері және олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркей отырып, «кіру» декларацияларын ұсынды.

2024 жылға «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының Шахтинск қаласындағы филиалымен, «AMANAT» партиясының Шахтинск қалалық филиалымен, «Шахтинск қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК-мен, «Шахтинск қаласының полиция бөлімі» ММ-мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Егер сіз санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе моральдық – этикалық нормаларды бұзғаны туралы білсеңіз, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2 мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кеңсесіне немесе 8 (7212)41-14-28 сенім телефоны бойынша, немесе Шахтинск қаласы,  Ленинград көшесі 81 мекенжайы бойынша орналасқан Шахтинск басқармасының 8(72156)50679 сенім телефонына, немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы 1424 тегін нөмірі бойынша, сондай-ақ электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы egov.kz-ке (электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ болуы қажет) хабарлауыңызға болады.

Сыбайлас жемқорлықтың әрбір жағдайы – біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамына соққы болып тиеді. Бұған жол бермеңіз, адал және әдепті болыңыз.

Шахтинск қалалық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button