АймақҚарқаралы

Суармалы алқап ұлғаяды

Ел экономикасының негізгі драйверінің бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бүгінде суармалы алқаптарды игеру қарқынмен қолға алынуда. Жақында Қарқаралы ауданына шетелдік инвесторлар барып, аудан әкімі Ерлан Құсайынның қабылдауында болды.

Жалпы, Қарқаралы ауданында 166 мың гектар егістік алқабы бар. Бірнеше жыл қатарынан болған қуаңшылық өнім көлемінің азаюына әкелді. Бұл аудан диқандарының алаңдаушылығын туғызып, суармалы егіншілікті қолға алу мәселесі қозғалған болатын. Осы орайда, суармалы егістік алқапқа арналған техника мен жабдықтарын шығаратын қытайлық «КО» компаниясының өкілдері өз ұсыныстарымен келді. Алдағы уақытта компания «Атамекен» шаруа қожалығына ауыл шаруашылығы техникаларын әкелмек. Шаруашылық басшысы Сланбек Қинаятпен бірлесе отырып, 200 гектар жерді суармалы егістік алқабына айналдырмақ. Егер, нәтижелі болса, алдағы уақытта ауданның егіншілікпен айналысатын өзге де шаруашылықтары шетелдік тәжірибе мен техникаларды қолдануға ниетті.

Бір айта кетерлігі, елімізде бұл технология кейінгі жылдары екпінді даму үстінде. Дегенмен, суармалы жерлер 10%-дан аспайды. Сәйкесінше, алынатын өнім көлемі де аз. Алайда, мұндай алқаптың шығымы жоғары.

Сағыныш ӘБІЛ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button