Бас тақырып

Су тасқынына дайындық жұмыстары бақылауда

Аймақта су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда. «Қазгидромет» пен ТЖ департаментінің мәліметінше, 15 наурыздан бастап ауа температурасының көтерілуі күтілуде, бұл қардың қарқынды еруіне алып келуі мүмкін. Бүгінгі таңда өңірде гидрометеорологиялық жағдай тұрақты.

Сурет облыс әкімдігіні сайтынан

ТЖ департаментінің қызметкерлері қарды, су өткізгіш құбырларды, каналдар мен арықтарды тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Су тасқынына дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

– Су тасқыны қаупі бар өзендердің шамамен 20 км арнасы және 26 км дренаж және су бұру жүйелері мен арналары тазартылды. 20 наурызға дейін оларды тазалау жұмыстары толығымен аяқталады, – деді төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ысқақов.

Ол сондай-ақ су басу қаупі бар барлық елді мекендердегі жағдай тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Қарағандының Оңтүстік-Шығысына ерекше назар аударылады. Мұнда тұрғын алабтарын су басудың алдын алу үшін ұзындығы 2 шақырымға жуық арна қазылып, нөсер жүйесі мен қабылдау камералары тазартылды.

– Биыл топырақтың күзгі ылғалдану деңгейі нормадан жоғары, алайда облыстың көп бөлігінде қату тереңдігі өткен жылмен салыстырғанда төмен, – деп атап өтті «Қазгидромет» МКК Ұлытау облысы және Қарағанды облысы бойынша филиалының гидрология бөлімінің басшысы Ілияс Сейтқалиев.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button