Бас тақырып
Су қоймалары қоқыстан тазартылды
Аймақта «Таза су қоймалары» республикалық табиғатты қорғау акциясы өтуде. Осы акция аясында облыстық балық шаруашылығы объектілерінде сенбілік өтті. Жәтижесінде су қоймаларынан 246 тор алынып, жағалау аймағынан 65 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Бекзат Махажанов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте:
– «Таза су айдындары» акциясына 500-ден астам адам қатысып, 200-ден астам техника жұмылдырылды. Акция барысында торларды тазартып, жағалаудан қоқыс шығарылды. Жалпы, аймақта су қоймаларынан 246 тор, 64 ілмекті құрал-сайман табылды, – деді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz