Жаңалықтар

Ұстаз – ұлағат

Алланың үйі – мешіттен кейінгі киелі орын – мектеп. Мектеп – балаларды бүлдіршін шағынан бастап, ер жеткенге дейін тәрбиелейтін қасиетті орда. Мектеп табалдырығын аттаған соң, бізді жылы шыраймен қарсы алатын, екінші анамыздай болатын ұстазды көреміз. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы сол ұстаздардан білім алып, таудай болып шығамыз.

«Мектеп – кеме, білім – теңіз» (Қасым)деген даналық бекер айтылмаған. Міне, менің сол мектеп атты кемеге мініп, білім теңізінде жүзгеніме 11 жыл болыпты.

Менің осы 11 жыл ішінде саналы азаматша болып қалыптасуыма бірден-бір себепкер де – ұстаздарым.

Ұстаздарыммен, бірге оқыған сыныптастарыммен қимай қоштасатын санаулы күндер қалды. Себебі, біз өмір атты үлкен жолға жолдама алып, мемлекетімізге адал қызмет ететін, ұстаздарымыздың берген білімін тереңдетіп, әр саланың мамандары боламыз.

Сол себепті, 11 жыл бойы тәлім-тәрбие, озық білім берген аяулы ұстаздарыма айтатын алғысым шексіз.

Әлем ШОҚАН,

Н.Әбдіров атындағы ЖББОМ

11 сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button