Жаңалықтар

Соғыс ардагерлері 150 мың теңге алады

Биыл Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күні қарсаңында жергілікті бюджетінен 150 мың теңгеден көмек алады.

Сонымен қатар, жалданбалы құрам адамдары, блокадалық Ленинград тұрғындары концлагер тұтқындары, әскерилердің жесірлері, бейбіт кезде қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, тыл еңбеккерлері 10 мың теңгеден алатын көрінеді. Айта кетейік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәлімдеуінше бүгінгі күнде облысымызда ҰОС қатысушылары мен мүгедектері – 91 адамды құрап отыр. Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілген азаматтар мен тыл ардагерлері де қаржылай көмектен шет қалмайды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button