Басты тақырыпЖаңалықтар

Соғылды соңғы қоңырау

   Бүгін, 25 мамыр түлектер үшін – алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасатын күн. Бала шақтан болашаққа қанат қағып, соңғы қоңырау соғады. Егемен еліміздің ертеңі атанар биылғы түлектер – барлық күш-жігерін еліміздің экономикасын көтеріп, ғылымын дамытуға жұмсайтындығын айтады.

Жалпы, биыл облыс бойынша 481 мектепті – 7537 түлек бітіреді. 287 мектеп бітіруші – «Алтын белгіге» ал, 242-сі – «Үздік аттестатқа» үміткер. Үздік түлектердің білім көшіндегі бұл биігі – облысымызды республика көлемінде бірыңғай білім беруді басқарудың жүйелі бағыттарын жүзеге асырудың флагманы етті. Білім беру жүйесінің табысты көрсеткіштері, мектеп оқушыларының ғылыми жобалар, олимпиада, ҰБТ қорытындысының нәтижелері облысты үздіктер қатарынан көрсетті.

Мәселен, облыс оқушылары соңғы екі жылда республикалық және халық­аралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 204 медаль жеңіп алды. Оның 31-і – алтын.

Облыстың командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және ғылыми жобалар конкурстарының қорытындысы бойынша соңғы жеті жыл бойы тұрақты түрде үздік олимпиада команда атағына ие. 2016 жылғы ҰБТ нәтижесінің орташа балы – 81,8-ді құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары.

Қарағандылық мектеп оқушылары үшін білім ошақтары 250 зертхана, 3Д принтерлер, жаңа бағдарламалық әзірлемелер, «Лего» және «Ардуино» роботтар сериясымен қамтамасыз етілді. Үш жыл бұрын облыста робототехника бойынша 17 зертхана болса, қазір олардың саны – 90-ға жуық. Зертханалар ашу оқушылардың ғылым мен инженерлік іске деген қызығушылықтарын арттыруға серпіліс берді. Нәтижесінде, облыстың командасы робототехникадан Томск қаласында өткен жарыста бас жүлде мен бірінші орын, ал, республикалық «КazRobotiсs» олимпиадасында бірінші орын алды.

Сөйтіп, аймақтың білім беру жүйесінің дамуы елдегі білім берудің үштігіне енді. Бұл – облыстық білім басқармасымен бірлескен педагогтардың, оқушылар мен ата-аналар қоғамдас­тығы еңбектерінің нәтижесі. Педагогтар білім беру мазмұнын жаңартуда педагогикалық қоғамдастық алдында тұрған жаңа мақсаттар мен міндеттерді принципті түрде жүзеге асырып, алдағы уақытта 5119 (72,7%) мектеп бітірушіні Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда. Сондай-ақ, халықаралық олимпиалардың жеңімпаздары атанған 7 мектеп бітіруші тестілеуден босатылды. Сондықтан, биыл да облыстың озық ойлы оқушылары ҰБТ сынағынан сәтті өтіп, дәстүрлі көрсеткіш көлемін арттыратынына сенім мол.

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button