Әскерилер әзірлігі – мығым

   Құрлық әскерлерінің бригада командирлерінің қатысуымен онкүндік жиын өтті. Жиынның негізгі мақсаты – жалпыәскери бригадалар командалық құрамының кәсіби деңгейін арттыру, әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарасты пысықтау, әскери білім саласындағы білімді, дене және атыс даярлығы деңгейін тексеру.

Жуырда командирлік дайындық жүйесі шеңберінде 68665 әскери бөлімінің базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері жалпыәскери және артиллериялық бригадаларының артиллерия командирлері және басшыларымен жиын өтті.  Жиын қатысушылары үшін іс жүзінде қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау мәселелері және автоматтандырылған жұмыс орындарын жылжымалы басқару пунктінде жабдықтауға қатысты сабақтар болды. Сонымен қатар, жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру, арнайы әскери іс-қимылдарды дайындау және жүргізу бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Шара барысында заманауи барлау жүйелерін қолдана отырып, арнайы операцияларды өткізу кезінде оларды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік іс-қимылдардың ұйымдастырылуына айрықша назар аударылды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар жауынгерлік даярлықтың әртүрлі пәндері бойынша сабақтарды дайындау және өткізудің озық әдістемелерімен, оқу және тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Алдағы уақытта офицерлермен далалық жағдайларда жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізілетін болады.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.