Жаңалықтар

Әскери міндеттілер Әскери Ант қабылдады

Ағымдағы жылдың 27 шілдеде “Астана” өңірлігіне қарасты “Сарышаған” полигонында 68 жуық әскери міндеттілер Әскери ант қабылдады. Өткізілген іс-шараға жиын бастығы Даулет Сеилханов қатысты.

Іс-шара барысында Әскери ант қабылдау рәсімінің маңызы туралы полковник Даулет Сейлханов жеткізді. Әрі қарай әскери міндеттілерді Әскери ант қабылдауымен құттықтап, Әскери ант Отан алдындағы борышты өтеу әрбір жастардың бірден бір парызы екендігі жөнінде сөз қозғады.

Ал әскери міндеттілер Әскери ант қабылдай отырып қызметтік міндеттерін адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді.

Іс-шара соңында әскери міндеттілер дайындаған өнерлерін тамашалап, ата-аналарымен естелікке суретке түсті.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button