Әскери борыш – әркімге парыз

Шахтинск қаласында азаматтарды әскери қызметке шақыру iс-шаралары кешенді түрде атқарылуда. Осыған байланысты Шахтинск технологиялық колледжінде Ауғанстан соғысының ардагері Олег МЕДЯНЦЕВПЕН және Шахтинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары, майор Ақылбек БАЙЖҰМАНОВ жастармен кездесті.

Кездесудің мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, Ауғанстан соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, жастарды отансүйгіштікке баулу, азаматтарға әскери борышты өтеудің маңыздылығын түсіндіру.

Кездесуде Ауғанстан соғысы туралы қысқаша мәлімет беретін деректі фильм көрсетілді. Аталмыш колледждің директоры Ә.Рахымбекқызы жеткіншектерді алдағы уақытта әскери бөлімдермен тығыз жұмыс істейтіндігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, майор Ақылбек Дәулетбекұлы Шахтинск технологиялық колледжінің 17 жасқа толған 60 студентіне әскери есепке тіркеу куәлігін тапсырды. Әскери борышты өтеудің маңыздылығын жеткізіп, Отан алдындағы парызды атқару үшін үлкен жігер мен патриоттық рух қажеттігін айтты.

Нұрдос КӘРІМ

ШАХТИНСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.