Ресми

Әскерге шақырылатын запастағы офицерлер саны жоспардан екі есе артады

Қорғаныс министрлігі 2023 жылы қарулы күштер қатарына шақырылатын запастағы офицерлер санын 260-тан 550-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәйкесінше, Қорғаныс министрлігі 2023 жылы әскери қызметке шақыратын запастағы 550 офицер келесі әскери құрылымдарға тартылады:

– ҚР Қарулы күштеріне – 550 адам (жоспар бойынша 260 болған);
– ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 60 адам (өзгеріссіз);
– ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 адам (өзгеріссіз);
– ҚР Ұлттық ұланына – 9 адам (өзгеріссіз).

Заң бойынша әскерге 29 жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер шақырылады.

2022 жылмен салыстырғанда әскерге шақырылатын запастағы офицерлер саны күрт артқанын атап өту керек. 2022 жылы 190 офицер әскер қатарына шақыру жүргізілді. Олардың 150-і Қарулы күштер қатарына, 40 офицер ҰҚК Шекара қызметіне тартылды.

Қаулы жобасы 6 маусымға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button