Жаңалықтар

Шынайылық – басты қағида

   Жақында институт қабырғасында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мұғалімнің ролі» атты сырттай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ел педагогтарының белсенділік танытуы қуантарлық жайт. Материалдар легі Астана қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан түсті. 80 қалалық білім беру ұйымдары және 40 ауылдық аймақтардың білім беру ұйымдарынан ақпараттық хаттар жолданды. ЖОО, колледж, мектептердің педагогикалық қызметкерлері мақала авторлары болып табылды.

Мақалаларда көтерілген проблемалар мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы тақырыбы өзекті болып қалатындығын дәлелдеді. Педагогтар да осы базалық дағдыны оқушыларда дамытуға қызығушылық танытып отыр. Мақалалардың тақырыптары – функционалдық сауаттылықты әртүрлі технологиялар арқылы дамытудан бастап, функционалдық сауаттылықты дамытуда қосымша білім беру мүмкіндіктеріне дейін әртүрлі болып келеді.

Конференция барысында проблемалар анықталды. Дәйексөздерді, сілтемелерді елемей, өзгелердің мақалаларын пайдаланудың өзі дұрыс шешім емес. Әлемдік ғылыми қоғамдастықта мұндай жағдайлар академиялық әділетсіздік ретінде түсіндіріледі және өрескел ереже бұзушылық болып табылады.

Конференцияға «Антиплагиат» арқылы жолданған мақалалардың тексерістен өтетіндігі мұғалімдерді алаңдатты. Кейбір мақалалардың дәлдік көрсеткіші төмен болғандықтан қабылданбады. Мақала долбары авторлық, яғни шынайы болуы тиіс. Өзгенің идеясын пайдалануға ешқандай тыйым салынған жоқ. Алайда, өз ойынан туындайтын идеялар да сирек. Әр тың туындының да авторы болары анық. Сол себепті әлде кімнің дәйексөзін қолдансаң да авторына сілтеме беру басты талап. Бұл қағида барлық оқытушы мен білім алушының басты ережесіне айналуы тиіс. Мектепте бірінші кезекте мұғалімдердің тәжірибесінен бастау алатын, академиялық әділдік кодексі қажет. Назарбаев зияткерлік мектептері бұл саясатты әлдеқашан бастап кеткен. Академиялық шынайылық – бұл мектептердегі басты ережеге айналған.

«Өрлеу» Қарағанды филиалы конференция соңында белгілі бір қорытындыларға келді. Педагогикалық қызметкерлердің «Өрлеуге» сенім артатындығы әрі онда ұйымдастырылатын іс-шаралардан қалмай қатысуға тырысатындығы – ауыз толтырып айтарлық нәтиже. Филиалдың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарлауда, біз мұғалім-практиктердің ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалар жазу саласында мәдениетін арттыру бойынша жұмыстардың қажеттілігін ескереміз.

М.КУШНИР,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button