Жаңалықтар

Үштілділік – ұтқыр шешім

21-тармақ. Жекеше секторды тарту жолымен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқартуды қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда облыстың әрбір балабақшасында арнайы білімі бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Балабақшада олар дене шынықтырудан, шет тілдерінен, орыс тілінен, хореографиядан, ән-күйден, тіл оқытудан білімдерін дамытып, әр пәнге дағдыланады. Осы жылы облыста ағылшын тілін меңгеруді жүзеге асыратын балабақша саны 20 пайыздан 51 пайызға артты. Үштілге оқытуды балабақшадан қолға алсақ – ел жастарының келешекте ғылым жолына еркін самғауына бірден бір мүмкіндік жасаған болар едік.

Биыл Ұлттық қордан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауы бойынша Қарағандыдағы Кеңдала шағын ауданындағы балабақшаның құрылысы басталды. Қарағандыдағы 21 және 12 шағын аудандарындағы балабақшалардың құрылысына ҚР БҒМ бюджеттік тапсырыс берілді. Құрылыстың басталуы биылға жоспарланып отыр. 2015 жылы жеке құрылымдардың басшыларымен өткізілген кездесуде жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын іске қосу көзделген болатын. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін даярлау мен іске қосу бойынша потенциалды инвесторларға бизнес-жоспарлардың тұсаукесері нәтижесінде Қарағанды қаласында 340 орынды 4 жеке балабақша ашылды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда 2015 жылдың соңына дейін 170 орынға арналған 2 жеке шағын орталық ашу жоспарлануда. Бұл ретте, балабақшалардың ашылумен қатар, үштілділікті дамыту – ата-аналар үшін бірегей мүмкіндік. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылға балалардың мектепке білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру оларды жастай оқуды әлеуметтенуін қамтамасыз ету қажет деген міндеттер қойылған.

Қазіргі таңда барлық ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балаларға ек-үш тілдің бастауыштық әдістемесін үйрете бастаса, болашақта меңгеріп кететіндігіне сенеді. Осыған байланысты үштілді білім беруді дамытудың мақсатты үш бағыты нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру және білім беру бағдарламаларын жаңарту бағыттары қарастырылып отыр. Бұл ретте мамандардың ойы – тілді табиғи негізде жетік меңгере алатындықтан, тіл меңгере алмайды, күрделі деген ойдан шектелуі керек. Балаларды бір тілді оқытумен шектеу – дұрыс емес. Қазақ тілін өз туған тілім деп санап, сонымен бірге, орыс тілі, ағылшын тілі тілін қатар үйренуі тиіс. Сондай-ақ, үштілік жобасында педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлаудың бірыңғай жүйесін құру және олардың кәсібилігін арттыру жоспарланып отыр. Бұл балабақша тәрбиешілері үшін кәсіби тұрғыда білім деңгейін арттыруға үлкен бағыт бола алар еді.

Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында балабақшадағы балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баулу басты орында. Сондай-ақ, өз туған ана тіліне қоса, өзге де тілдерді бағалай білуге баулу Ұлт көшбасшысы нұсқаған басты ұстанымдар қатарына саналады.

Бүгінгі таңда Қарағандыда балабақша кезеңінен бастап, бүлдіршіндер үшін ұйымдастырлып жатқан жұмыстар аз емес. Көптеген балабақшада орыс тілі мен ағылшын тілдері қатар жүргізіледі. Бүлдіршіндердің зейінін ашу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы тілді меңгерту деңгейін жүзеге асыруға болады. 2015 жылдың басында Приозерск қаласында РБ есебінен 200 орынды балабақша ашылды. Сонымен қатар, Қарағанды (255), Сәтбаев (50), Балқаш (25) қалаларындағы ашылған мектепке дейінгі мекемелер 330 орынға кеңейтілді.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қарағанды қаласында 100 орынды «Әсем-ай» және 120 орынды «Растем вместе» жекеменшік балабақшалары іске қосылды. 2015 жылдың қазан айында Қарағанды қаласының 23 ықшам ауданында 320 орынды «Ақжарқын» жекеменшік балабақшасы ашылды, сонымен қатар ағымдағы жылдың соңына дейін 170 орынды 2 жекеменшік шағын орталық ашылмақшы.

Қазіргі таңда облыста 196 балабақша және 312 шағын орталық қызмет көрсетеді. 1-6 жас аралығындағы балалардың 87,2 пайызы, 3-6 жас аралығындағы балалардың 98 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Балаларды балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек. Бұл тек баланың қамы үшін жасалатын таңдау ғана емес, қоғамның сұранысына айналған шындық.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button