Медицина

Шет ауданында медициналық көмектің қолжетімділігіне көңіл бөлінуде

Былтыр Шет ауданының орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жасалған болатын. Енді аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне де қолдау көрсетілмек.

 

Мәселен, аудандық орталық аурухана жанында бос тұрған ғимарат бар-тын. Енді сол ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, төрт пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта салмақ. Ал, бұл пәтерлерді дәрігерлерге беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ауданда 21 фельдшерлік-акушерлік пунк салынбақ. Оның жетеуі биыл қолданысқа беріледі деп күтілуде. Ал, Ағадыр кентіндегі ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button