АймақБас тақырып

Шет ауданында ертеңнен бастап төтенше жағдай жарияланады

Қарағанды облысының Шет ауданындағы тау жотасының аумағында табиғи дала өртін сөндіруге байланысты облыстағы 3 ауылдық округте төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр.

– Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында 2023 жылдың 14 шілдесінен дала және орман өрттерінің орын алуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жою бойынша Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Кәрсембаев басшы ретінде тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын, – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаровтың шешімінде.

Құжат ертең, яғни 21 шілдеден күшіне енеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button