Аймақ

Шет ауданындағы өрт әлі де оқшауланбай тұр

Қарағанды облысының Шет ауданындағы тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіруге 168 адам және 34 бірлік техника жұмылдырылды.

Қабылданған шаралар жағдайды тұрақтандырды. Жұмыстар бір ошақта жүргізілуде, ашық жану ошағы жоқ. Суару жұмыстары және қарауыл жүргізілуде.

Алдын ала деректер бойынша өрттің ауданы 870 га (аэровизуалды зерттеу деректері бойынша белгіленген), оның ішінде «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ аумағында – 116, 143 га.

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағының Бұқар жырау ауданындағы Үштөбе ауылдық округінде 15 га алаңда және Ақтоғай ауданында Шабанбай би ауылдық округінде 10 га алаңда құрғақ шөптің жануы жойылды.

Ақтоғай ауданында Айыртас ауылдық округінде бір дала жану ошағы бақылауға алынып отыр. Өртті жоюға ТЖД және Айыртас ауылының өрт сөндіру бекетінің күштері жұмылдырылды. Жану ауданы анықталуда.

Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
Құрғақ мезгілде ормандар мен далаларда отпен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек.
Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз!
Сөндірілмеген оттарды, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз!
Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде жарамды ұшқын сөндіргіштері бар техниканы пайдалану қажет.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button