Мәселе

Шашубайлықтар мәселесі шешімін таба ма?

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Ақтоғай ауданына жұмыс сапары барысында Шашубай кентінің тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысы үш мың халқы бар шалғай елді мекеннің проблемалары қалай шешіліп жатқанын айтты.

Жеңіс Қасымбек биыл Шашубайға бірінші рет барып тұрған жоқ. Өткен кездесуде тұрғындар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Дәріхананың жоқтығына және медициналық қызметтердің сапасына шағымданды. Сондай-ақ, олар бос тұрған көп қабатты үйлердің болашағына алаңдаушылық білдірді.

– Сіздердің кейбір мәселелеріңіз шешілді, – деді облыс әкімі.

– Әлеуметтік дәріхана және күндізгі стационар жұмыс істейді. Салалы мамандар Балқаштан келіп, қабылдау жүргізеді. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуге конкурс жарияланды, нәтижелер алынғаннан кейін жұмыстар басталады. Цифрлық рентген-аппаратты және физиотерапиялық жабдықты жеткізуге шарттар жасалды. Шашубайда бірнеше бес қабатты ғимаратты қалпына келтіру жоспарлануда. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, қазан айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы күтілуде. Пәтерлер күрделі жөндеуден кейін кезекте тұрғандарға беріледі. Жылумен жабдықтауды жақсарту үшін жаңа модульдік қазандықтың құрылысы жоспарлануда. Бұл нысан қалпына келтірілетін тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов хабарлағандай, ақпан-наурыз айларында жобалық-сметалық құжаттама әзірленуі тиіс, содан кейін құрылысқа конкурс жарияланадыКездесуде сондай-ақ, кенттің су құбыры, жылу және кәріз желілерін Балқаш қаласының коммуналдық кәсіпорындарының балансына беру туралы айтылды. Рәсім жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Тұрғындардың өтініші бойынша Балқаш – Шашубай автобус бағытын ұзарту мәселесі шешілді. Жолаушыларға қосымша автобус бөлуге уәде берілді. Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек Шашубайдағы үйлердің жөнделуімен танысты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі көпқабатты үйдің шатыры жаңартылып, қасбеттері, балкондары мен жертөлесі жөнделді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button