ЖаңалықтарМәселе

Еріккеннің ермегі – электронды темекі

«Әуелгі байлық – денсаулық» дейміз. Бірақ, бүгінде денсаулығына жіті назар аударып, күтім жасап жүрген ешкімді көрмегендейсің. Заманның талабы ма, әлде адамның қалауы ма, кім білсін?! Денінің саулығына қастық жасап жүргендер көп-ақ. Нақтырақ айтсақ, электронды темекінің торына түсіп, шырмауына шыр­малған жастарымыз қаншама?! Сонда бұл сән бе, иә болмаса, тәуелділік пе? Бұл бәлекеттің жастар арасында өршуіне не себеп?

Сурет: arbatmedia.kz сайтынан

Электронды темекі жастардың «жа­қын серігіне» айналғалы қашан. Тіпті, бәзбіреулер онсыз өмірін елестете алмайтындай хәлде. Алайда, сол жат әдет есіл өміріне айтқысыз қатер төндіріп тұрғанын ешкім ой елегінен өткізбейді. Зиянына келсек, электронды темекінің бір данасын шегу қарапайым темекінің төрт қорабын тауысқанға тең. Ал, бұл ағза үшін өте қауіпті. Статистика мәліметтерінше, ересектер арасында темекі шегу деңгейі айтарлықтай төмендеген. Ересектер жайы іштей қуантқанымен, бұл дерт жасөспірімдер арасында күрт өсіп жатыр. 2022 жылғы дерек бойынша 11-15 жастағы жасөспірімдер арасында электронды темекі шегу саны үш есеге артқан.

– 15 жастағы оқушылардың мінез­құл­қын зерттеу нәтижелері ұлдардың арасында – 10%, қыздардың 6%-ы темекі шегетінін көрсеткен. Жасөспірімдердің арасында электрондық сигаретке деген әуестік жоғары, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Жас ағза никотинге тез тәуелді болады. Өмірі де қысқарады. Электронды шылымды сатып алу процесінің жеңіл әрі қолайлы болуы да «іздегенге-сұраған» болып тұр. Кез келген әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, түр-түріне тапсырыс беріп, ала бересіз. Бұған тиісінше тосқауыл амалдары қарастырылмаса, бара-бара ғасыр дертіне ұласуы әбден ықтимал. Ойланалық.

Әлия СЕРІК,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің І курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button