Жаңалықтар

Шаштараз да – бір өнер

Қарағанды қаласындағы Балалар және Жасөспірімдер сарайында шаштараздық өнер бойынша ерекше байқау өтті. Жарысқа қатысушылардың ең кішісі – 12 жаста.

– Байқауға үш кәсіби-техникалық колледждер мен Балалар және Жасөспірімдер Сарайының жанындағы шаштараздық өнер мектебінің оқушылары қатысты, – дейді мектеп жетекшісі Инга Канашвили.

Байқауға қатысушылар кешкі сәнді шаш және креативті шаш үлгілерін жасап, көрсетулері тиіс еді. Орындау техникасын олар өз еркімен таңдай алды. Кейбірі шашты бұйраласа, тағы бірі ирокез жасап, шашты тормен қаптады. Ал, тағы басқалары өз модельдерінің басында жеміс-жидектермен көмкерілген нағыз натюрморттар және көгершіндері бар ыдыстағы коктейльдер жасап шығарды.

Байқау қорытындысы бойынша «Креативті шаш үлгісі» номинациясы бойынша бірінші орынды 12 мен 15 жас аралығындағы санатта Валерия Шестакова, ал, жоғары санатта Светлана Хребтова иеленді. Кешкі сән үлгілерін жасайтын ең үздік шеберлер болып кіші санатта Ксения Дудукина және жоғары санатта Ангелина Черкаева танылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button