АймақҚарқаралы

Шаруашылық жетекшілерімен кездесті

Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов жұмыс сапарымен Қарқаралы ауданында болды. Аудандағы ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Сурет : Облыс әкімінің баспасөз қызметінен

Сапар барысында Бауыржан Қоңырбайұлы Тегісшілдік ауылдық округіндегі «Қарынши» шаруа қожалығы, Н.Нұрмақов ауылдық округіндегі «Ата Мұра Табыс» ЖШС иеліктерінде болып, шаруашылықтардың тыныс-тіршілігіне қанықты. Құрылым жетекшілері Қайырбек Қыдыралин және Серікбол Жұмаділовпен сұхбаттасып, шаруашылықты дамыту бойынша ой-жоспарларды талқылап, пікір алмасты.

Егіндібұлақта «Балқантау» ет өңдеу цехында болып, Өмірзақ Қапсаттаров кәсіпкерлігінің жұмысымен танысты. Цех ішін аралап, өнім өндіру, нарыққа шығару, жұмыспен қамту бойынша кәсіпкермен әңгімелесті.

Сапар барысында Бауыржан Асанов ауылдық округтер әкімдері мен шаруа қожалықтары басшыларымен жиын өткізді. Бүгінгі таңда ауыл халқының табысын арттыруды көздеген жобаның бағыт-бағдарына тоқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ғалым Оспанов өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жиында ауыл шаруашылығы саласына қатысты көптеген көкейкесті мәселелер көтерілді.

– Жиында көтерілген басты мәселе – шаруалардың жалға алған жерлерін ұтымды және мақсатты пайдаланулары. Көп ретте арнайы жоба жасап алған жерлерді шаруа қожалықтары жайылым үшін ғана пайдаланып, жаңағы айтқан жобаны кейінге қалдыра береді. Былтыр аудан бойынша иелері болса да игілікке жаратылмаған осындай 37 мыңнан астам гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Бұл жұмыс биыл да жалғаспақ. Сондай-ақ, қазірде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде (чиптеу, сырғалау). Мал басын асылдандыру жұмыстарының жандануына ерекше талап қойылуда. Қолдағы мал мен жердің тиімділігін арттыра отырып, тың жобаларға қол жеткізу, шама келгенінше өндіріс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамтып, ауылдың дамуына атсалысу талабы туындауда. Қожалықтардағы техникалық парктердің жыл сайын жаңаруы да маңызды,– дейді аудан әкімінің орынбасары Тоқтар Көпжасаров.

Мамандар өңірдегі егістік алқаптардың көлемін ұлғайтуға байланысты жұмыстар жүргізуге кеңес берді.

Ауыл әкімдері мен шаруашылық жетекшілері субсидия тәртіптері, қаржы институттарымен жұмыс жасау, мал қорымдарын салу, жерді тиімді игеру, мал басын чиптеу, сақтандыру, суармалы егіншілікпен айналысу, несиеге кепіл қою мәселелеріне қатысты және басқа да маңызды тақырыптар бойынша сауалұсыныстарын ортаға салды.

Дулат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ.

Қарқаралы ауданы.

Оrtalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button