Жаңалықтар

Шахтинск саябағы көркейіп келеді

Шахтинск қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыстар жалғасуда.

Өткен жолы қаладағы Карл Маркс көшесі 115, 117 бойындағы аула аумағына жаңа балалар ойын алаңын жабдықтау жұмыстары жүргізілген еді. Бұл жолы қаладағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп-баптау жұмыстары жалғасуда. Қоқыстар шығарылып, ауладағы шөп шабылды. Әрі қураған ағаш бұталары кесіліп, түбі әктелді.

Одан бөлек, саябақтағы орындықтар мен ойын алаңдары түрлі бояулармен сырланды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Сурет пен виде ұйымдастырушылардан.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button