Спорт

«Шахтер» мамырда 5 ойын өткізеді

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы мамыр айында 5 ойын өткізеді.

7 мамырда қарағандылықтар өз алаңында петропавлдық «Қызылжар» клубын қабылдайды. 13 мамыр сырт алаңда «Атырау» клубымен кездеседі. 17 мамыр – «Тобылмен», 20 мамыр – павлодарлық «Ақсумен» өз алаңында ойнайды. Ал, 27-сі жерлестер сырт алаңда ақтаулық «Каспиймен» кездеседі.

Қазіргі таңда «Шахтердің» ел чемпионатында тіркеген нәтижелері айтарлықтай емес. 7 ойын өткізіп 5 ұпай қанжығалаған жерлестер турнир кестесінің ХІ орынында.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button