Спорт

«Шахтер» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ел чемпионатының VI турында «Шахтер» клубы өз алаңында «Мақтарал» клубын қабылдап, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, 1 гол салып, 1 нәтижелі пас берген шахтерлік жартылай қорғаушы Юрий Перцух кездесуінің «Үздік ойыншысы» атанды.

Жерлестер бірінші айналымда қатарынан үш гол салып, ойын тағдырын шешіп қойды. 30-шы минутта оң қапталдан ұйымдастырылған шабуыл барысында Темур Чогадзенің орталық алаңға берген пасын Юрий Перцух голға айналдырып, командасын алға шығарды. Араға 6 минут салып, Иван Свиридов есепті еселеді.

41-ші минутта Егор Алишаускас есепті 3:0-ге жеткізді. Орталық алаңнан ұйымдастырылған шабуыл барысында қарсылас команда қорғаушысын қапыда қалдырып, командасына үшінші ұпайды алып берді.

– Жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантқанымызға қуаныштымын. Күннің суығына қарамай, жанкүйер болып келген жандарға алғысымыз шексіз. Жанкүйерлердің қолдауы бізге күш берді, – деді Бас жаттықтырушы Игорь Солошенко.

Қарғандылықтар 19-шы сәуірде «Оқжетпес» клубымен кездеседі

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button