Шағын кәсіпорындар шаруасы нық
Облыстағы шағын кәсіпорындарда мыңдаған адам қызмет етуде. Өткен жылдың ІV тоқсанында аталған ұйымдарда еңбекпен қамтылғандардың саны 80 мыңға жуықтаған.
Жұмыскерлердің басым бөлігі, яғни, 25 пайызы сауда, көлік жөндеу саласында шоғырланған. Ал, өнеркәсіпке – 19,8 пайызы, құрылысқа – 18,1 пайызы тиесілі.
Мұндағы орташа айлық еңбекақы 85162 теңгені құрады. Ең жоғарғы еңбекақы – 176508 теңге кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қызметкерлерінің еншісінде. Ең төменгі жалақы – 52020 теңге әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда анықталды.
Шағын кәсіпорындарда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі – 134,6 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Жалпы көлемнің 33,9 пайызын өнеркәсіп кәсіпорындары өндірді. Сондай-ақ, құрылыс саласының үлесі – 25,1 пайызды, сауда және көлік жөндеу ұйымдарының үлесі – 18 пайызды құрады.
Осы уақытта шағын кәсіпорындар 17,8 млрд. теңге кіріс кіргізген. Сауда және көлік жөндеу кәсіпорындары қомақты пайда (5,9 млрд. теңге) тапқан. Құрылыс саласындағы бұл көрсеткіш 3,2 млрд. теңгені еңсерді.
Нұрқанат ҚАНАФИН