Жаңалықтар

Үш күн

Кейде осылай болады. Бұл кісімен үш күн бұрын таныстық. Арқа ақпаратының абызы. Бір сәулетті сарайда жыр жаңбырына шомылып отыр екен.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жыр нөсеріне кеудесін тосатындай жөні бар. «Құралай алған құс та жоқ, Бәйге атында нұсқа жоқ» деп өлең өрген атақты Нарманбет Орманбетұлының ұрпағы. Сыртынан білсек те, алғаш көруіміз. Арнайы барып, сәлем бердік. Қызымен қатар оқығанымызды айттық. Ол әдемі бір кейіпке еніп, ерекше мейірленіп тұрды.

Ертеңіне Мақпалға хабарластық. «Әкем айтады» деген кітабыңды берші, оқиық деп едік», – дедік. Кітапты қолға алғанымыз сол еді, жайсыздау хабар жетті. Тұтас бір буынды тәрбиелеген журналистика жампозы Қасым Орынбетов дүние салыпты.

Бар-жоғы үш-ақ күн… Дүниеге келер әлі талай Қасым… Бірақ бұл Қасымның жөні бөлек… Мақпал, бекем бол!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button