Жаңалықтар

Серік Сапиев желіде тараған ақпаратты теріске шығарды

«Әр спортшыға жеке оққағар беру керек!». Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев айтты». Дәл осы ақпарат еліміздегі сайт-порталдар мен әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Ал мәжілісменнің өзі болса, сөзінің бұрмаланғанын айтып, ақпаратты теріске шығарды, – деп хабарлайды Оrtalyq.kz

«Қадірлі Достар! Мен «Спортшыларға оққағар беру керек» деген ақпаратты теріске шығарғым келеді. Сұхбат барысында журналистер тарапынан «Спортшыларға оққағар керек пе?» деген сұрақ қойылды. Оған мен: «Егер қоғам осыны қалайтын болса, онда бұл мәселені биік мінберде көтеріп, заң жүзінде қарастыру керек» деп жауап бердім. Кей адамдар менің жеке басыма оққағар керек деп ойлап қалған тәрізді. Бұл барып тұрған ақымақтық», – деп жазды Серік Сәпиев өзінің «Инстагарам» парақшасында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button