Сенімге селкеу түспейді
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және осынау жағымсыз құбылсқа қарсы тәрбие мен білім беру – облыстағы білім беру ұйымдарындағы жұмыстың басты бағыттарының бірі. Онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналғандықтан, оған жол бермеу, алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
«Адал ұрпақ» оқыту курсы әзірленді
Қарағанды облысы білім басқармасының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде бірқатар жұмыстардың жоспары бекітілді. Білім саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін білім басқармасы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы мектепке дейінгі және орта білім жұмыскерлеріне сыйлық беруден бас тарту туралы азаматтарға арналған жаднамалар әзірленіп, танымал мессенджерлер арқылы таратылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына бөлінетін бюджеттік қаржылар бойынша ақпарат және облыстың әр аймақтарының сенім телефоны көрсетілген инфографика әзірленді. Білім басқармасы 5-11 сынып оқушыларына арналған «Адал ұрпақ» оқыту курсын әзірлеп, бағдарлама 2019 жылдың қаңтар айынан облыстық мектептердің оқу процесіне енгізілді.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басты бағыты – облыстық бағынышты білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Осы орайда арнайы жоспар бекітіліп, жұмыс тобы құрылған. Жұмыстар аясында 35 білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Нәтижелер бойынша жақын туысқандардың бірлесіп жұмыс жасауы, тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерді жұмысқа тағайындау және де басқа да заң бұзушылықтар фактілері анықталды. Қазіргі таңда жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.
Мектепке дейінгі білім жетілдіруді талап етеді
Облыста мектепке дейінгі білім беруде балабақшаларға автоматты түрде кезекке қою және жолдама беру жүйесі енгізілген. Бірақ, белгілі болғандай, барлық сандық өнімдер тез ескіреді және үнемі жетілдіруді талап етеді. Биылғы жылы көптеген өтініштер келіп түсті. Олар белгілі бір төлем үшін жолдама алуға жәрдем көрсетуді ұсынатын «кәсіпкерлер» («көмекшілер»). Көбінесе, бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды алу алгоритмін зерттеген қарапайым пайдаланушылар. Ата-аналар оларға жолдама алу кезінде қажетті деректерді – баланың ЖСН-ін және телефон нөмірін, яғни, үшінші тұлғаларға өздері ауыстыратын әрекеттерді тапсырады. Биылғы 30 қыркүйектен бастап бағдарлама жүйесін жаңа жетілдірілген нұсқаға көшіру жүзеге асырылды. Жүйе ақпаратты қорғау мақсатымен дайындалған, жолдаманы ата-аналар емес, бөтен адамдар алу мүмкіндігі барынша азайтылған.
Енді жолдаманы алу тек жеке кабинет арқылы ғана мүмкін болды. Бұл бірден бірнеше құрылғыдан жолдаманы алу мүмкіндігін болдырмайды. Сонымен қатар, жүйе бір құрылғыдан бірнеше жолдаманы алуды қадағалайды және жүйеде олардың одан әрі жұмысын бағыттайды.
“INDIGO”-да ата-аналар өз өтініштеріне өз бетінше өзгерістер енгізе алады. Мысалы, бұрын тек білім беру бөлімі арқылы ғана мүмкін болатын телефон нөмірін өзгерте алады. Жүйені пайдалану оңай, әрбір ата-ана жүйенің мүмкіндіктерін зерттеуге қабілетті. “INDIGO” @indigo_webline Instagram желісінде парақшаға ие, онда ата-аналар үшін кеңес беру және түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіледі.
Қам қоршылық кеңесі – бақылауда
Облыс мектептері «1 сыныпқа құжаттар тапсыру және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін автоматтандыруды енгізе бастады. Жыл сайын оқу жылының басында қалалық, аудандық білім бөлімдері ата-аналардан, оқушылардан мектептің қандай да бір қажеттіліктеріне ақшалай қаржының жиналуына жол бермеу туралы бұйрық шығарады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында ата-аналар арасында мектеп әкімшілігінің түрлі шығыстарына қаржы жинауына қатысты сауалнама жүргізіледі. Ата-аналар бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны пайдалану туралы ақпаратты жүйелі түрде алады (ақпараттық стендте және мектеп сайтында сауалға жауап берушілердің көбісі қаражатты ата-аналардың өздері, мектеп әкімшілігінің қатысуынсыз, негізінде жөндеу жұмыстары үшін демеушілік көмек ретінде жинайтынын атап өтеді, ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі). Осы мақсатта білім басқармасы тарапынан бұйрық шығарылды. Онда білім бөлімдерінің басшыларына және облыстық ведомстволық ұйымдардың директорларына оқу орындарының қабырғасында: кітап, ойын-сауық іс-шараларына билет сатылымына; концерттік бағдарламалар мен таңертеңгіліктер өткізу үшін шақырылатын актерлердің қызметін өтеуге қаржының жиналуына; ата-аналар мен оқушылардан қаржы жинау есебінен мерекелік атаулы күндерге сыйлықтардың сатып алынуына; оқу-тәрбие үдерісі барысында коммерциялық құрылымдардың жарнамалық іс-шараларының өткізілуіне (байланыс операторларының, тамақтануды ұйымдастыру жарнамасы және т.б.); жалгерлік келісім-шарты жоқ коммерциялық құрылымдардың өнімінің жүзеге асырылуына; білім беру ұйымдарының қызметшілерімен ата-аналардан оқушылардың бюджет есебінен қаржыландырылмайтын конкурстар мен зияткерлік ойындарға қатысуы үшін қаржының жиналуына жол бермеу жөнінде әрекетті шаралар қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, аталған бұйрықта оқушылардың және тәрбиеленушілердің тәрбие ісін іске асыру аясында өткізілетін жаппай мәдени іс-шараларға (театрларға, көрмелерге, мұражайларға және т.б. бару) қатысуына қаржының жиналуы білім беру ұйымдарының қызметшілерін жұмылдырусыз өз қалауымен жүргізілу қажеттігі жайында көрсетілген. Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі және қайырымдылық жасаушылар кіреді. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының, білім беру бөлімі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілдері жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиаданың барлық кезеңдерінде және ғылыми жобалар конкурсында тәуелсіз сарапшылар мен байқаушылар ретінде қатысады. Оқу орындарының басшыларын тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін білім бөлімі қолданыстағы заңнамалық база аясында (Білім және ғылым министрлігінің №57 бұйрығы) келісу және тағайындаудың жаңа тәртібін енгізді: біріншіден, барлық өңірлерде білім беру ұйымдарының басшыларына резерв құрылды; екіншіден, директордың лауазымына үміткерлер, сондай-ақ олардың мектепті дамыту бағдарламалары мектептіңқамқоршылар кеңесінің отырысында тыңдалады, олар өз қорытындыларын береді; үшіншіден, білім басқармасында кандидаттар нормативтік-құқықтық актілерді білуіне тест тапсырады және сұхбаттасудан өтеді, бұл сәтті білім басқармасының веб-сайтында трансляциялау ұйымдастырылады және бейнежазбалар қатар жүргізіледі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жобасы
Бүгінгі таңда облыстың барлық мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмектесу және қатысу үшін еріктілердің «Адал ұрпақ» клубтары құрылды. Алдағы уақыттағы біздің міндетіміз клубтар жұмысының тиімділігін және жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. Білім басқармасында кез келген мәселелер мен бұзушылықтар туралы хабарлай алатын CALL-орталығы, сенім телефонымен whatsApp орталығы жұмыс жасайды. Оқу орындарында сенім телефоны мен қабылдау күнінің кестесі жөніндегі ақпараттық стендтер рәсімделген. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен мекен-жайлары үшін пошта жәшіктері бар. Қарағанды облысы білім басқармасының ресми сайтында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті шаралар қабылдайды. Қарағанды облысы білім асқармасының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 66 бұйрығымен Қарағанды облысында 2016-2019 жылдары білім берудің түрлі деңгейдегі оқу орындарында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Мақсаты: оқушылар арасында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұруға дайын тұлға тәрбиелеу. Оқу орындарында сенім телефоны туралы стендтер қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша сұрақтар білім беру ұйымдары жұмысының жоспарларына енгізілген. Оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін балалардың қабылдауына бейімделген диспуттар, сынып сағаттары өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жобасы іске қосылды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының барлығы Жарғыға қол қойды. Колледждер залдарында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері атынан «Жемқорлыққа қарсы омбудсмен» туралы ақпарат бар. Облыс колледждерінде «Электронды сессия» және «Электронды қабылдау кампаниясы» жобалары енгізілді. Бірінші жоба сессиялардың әділдігін, ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге, екінші жоба үміткерлерге қашықтан құжаттарды тапсыруға және қабылдаудың барысы туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді. Тағы бір айта кететін бірегей жобалардың бірі – мұғалімдерге электронды портфельге сілтеме жасай отырып, сараптама комиссиясына материалдарды жіберуге мүмкіндік беретін «Мұғалімдерді электронды аттестаттау» жобасы болып табылады.
Есенғазы ИМАНҒ АЛИЕВ,
«Қарағанды облысының
білім басқармасы» ММ басшысы.