Халықаралық Жастар күніне орай Саран қаласында мерекелік салтанат өтті. «Жастармен бірге» деп аталатын бұл шараның бағдарламасы да бай болды.
Онда қала жастарының флешмобқа, бос орындар жәрмеңкесіне, түрлі шығармашылық ұйымдар мен клубтардың, спорт секцияларының жарнамалық тұсаукесеріне, денсаулық орталығына, «Мәміле» қазақтың ауызекі тіл клубына қатысуына мол мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ, «Жастар – ел дамуының басты драйвері» атты кітап көрмесі де келушілердің қызығушылығын тудырып, көптеген адам заңгер мен психологтың кеңесі мен көмегін алды. Көркемөнерпаздардың концертімен басталған мерекелік салтанат жастардың би кешімен аяқталды.
Ержан ИМАШ,
САРАН
Ortalyq.kz