Бас тақырып
Саран қаласының жылыту маусымындағы жағдай Үкімет бақылауында
Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
– Ақаулыққа байланысты резервтік кестеге сәйкес қазандықты қосу туралы шешім қабылданды. 124 үйге қайтадан жылу берілді. Біз күннің соңына дейін үйлерді жылумен қамтамасыз етеміз, — деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Саран қаласындағы қазандық 13 қазанда пайдалануға берілді. Алайда, қазандық дұрыс жұмыс істемей, ақауларға байланысты қазандық жұмысын тоқтатуға тура келді.
– Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Сурет пен видео: primeminister.kz