Ресми

Сайлаудың ашықтығы қатаң бақыланады

5 қарашада өтетін аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың маңызды кезеңінің бірі. Пилоттық режимде өтетін сайлау – Қазақстан тарихында тұңғыш рет. Яғни, тұрғындар әкімді өздері таңдайды. Осылайша, елімізде саяси реформалар кезең-кезеңімен іске асуда.

Жүргізіліп жатқан өзгеріс­тердің негізі мақсаты – мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға азаматтардың тікелей қатысуын кеңейту. Бұған дейін аталған лауазымға кандидаттарды мәслихат депутаттары мақұлдаса, енді тұрғындар қалалар мен аудандар деңгейінде экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізетін адам­ды өздері таңдайды. Бұл үшін қажетті құқықтық база өткен жылы қалыптасты.

Өздеріңізге белгілі, облысымызда пилоттық өңірлер ретінде Ақтоғай және Осакаров аудандары, сондай-ақ Приозерск қаласы белгіленді. Сайлау процесіне тартылған мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ал­дында ауқымды міндет тұр. Ол – алдағы сайлауды заңға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету.

Облыстық сайлау комиссия­сы, сондай-ақ оның аумақтық құ­ры­лымдық бөлімшелері айтар­лықтай дайындық жұмыстарын жүргізгенін айту керек. 5 қарашада өтетін сайлауға қажетті ин­фрақұрылым мен материалдық­- техникалық база дайындалуда. Одан бөлек, қоғамдық тәртіп, өрт және санитарлық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандар да ерекше назарда болмақ. Яғни, олардың сайлау құқықтары толық сақталады.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қызметкерлерін оқыту жалғасуда.

Қазан айының басында облыстың алдағы сайлауға дайындығын Орталық сайлау комиссия­сының төрағасы Нұрлан Әбдіров өзі арнайы келіп, тексерген болатын. Жұмыс сапарында Нұрлан Мәжитұлы сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіс бойынша оқыту процесіне қатыс­ты. Сондай-ақ, пилоттық режимде аудан әкімдері сайланатын өңір тұрғындарымен кездесті.

Орталық сайлау комиссиясы­ның төрағасы тұрғындармен кан­­дидаттарға қойылатын талаптарды талқылады. Сондай-ақ, сай­лау науқанын толық ақпараттық сүйемелдеуді тапсырды және кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстары, оның ішінде баспа материалдарын орналастыру үшін қажетті орындар беру арқылы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың заңдылығын, ашықтығы мен әділдігін қатаң бақылайды.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау азаматтар мен мемлекет, билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа қағидаттарын белгілеуге және бекітуге ықпал ететініне сенімдімін.

Айта кету керек, биылғы 10 қазандағы жағдай бойынша 12 кандидат тіркелді. Яғни, әр өңірде 4 кандидаттан. 12 кандидаттың 11-ін – алты саяси партия ұсынды. Атап айтар болсақ, 3-уі – «AMANAT» партиясынан, ал, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Халық партиясы және Respublica партиясының әрқайсысынан 2 кандидаттан, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан бір-бір кандидаттан тіркелді. Бір үміткер – өзін-өзі ұсынған.

Облыстағы аудан және облыс­тық маңызы бар қала әкімдігіне кандидат ретінде 2 әйел адам тіркелгенін де айту керек. Жалпы, тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 46. Ең жасы – 33-те

Қайрат НҰРКЕНОВ,
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button