Жаңалықтар

Сайлау күні Қарағандыда қалаішілік автобустар тегін жүреді

Қарағандыда сайлау күні, яғни 19 наурызда қала аралық бағытта қатынайтын автобустардан бөлек, қалаішілік автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды.

№71, 72, 73, 115, 117, 41, 495, және №500А қалааралық бағытта қатынайтын автобустар сол баяғы уақытында, ақылы түрде қатынайды.

– Қоғамдық көлік жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді. 20 наурыз, дүйсенбіде автобустар штаттық режимде жүреді. Сондай-ақ, 21-23 наурызда жолаушылар көлігі демалыс күндерінің кестесі бойынша жұмыс істейтін болады, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button