Сайлау еш күмәнсіз қысқа уақыт ішінде өтуі тиіс

Біз, Қарағанды облысының медиаторлары 2019 жылғы 9 маусымға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін толық қолдаймыз.


Бізді, психологтарды, азаматтардың өзекті мәселелерімен жұмыс істейтін қайраткерлерді эмоционалдық шиеленісті төмендету мен қоғамдағы қауіпсіздік сияқты өміріміздің аса маңызды құрамдас бөліктері алаңдатады.
Кез келген белгісіздік – екіге айрылып тұрған жол торабы іспеттес. Өтпелі кезең ұзаққа созылмауы тиіс, себебі, бұл келеңсіз жағдайларға, не болмаса, қоғамда негізсіз шиеленістің туындауына алып келуі мүмкін.
Мемлекет басшысы «жоғарғы билік тұрақты және тыныш жағдайда екендігін» атап өтті. Бұл тұрақтылықты сақтап қалу оңайға соқпайтынын біз көрші елдердің мысалында көре аламыз.
Қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, жоспарларды құру, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу және олар үшін жауапкершілік алуға айқындық қажет.
Еліміздің қазіргі Президенті сайлау әділ, ашық болады деп жариялады. Әлемдік үдерістер үлкен қарқынмен дамуда және өтпелі кезең – еліміз үшін тым қауіпті.
Бұл шешім дер кезінде батыл қабылданған, біз өткен шақтың тәжірибесіне сүйене отырып, барлығымыз үшін өте маңызды мәселені оңтайлы орайластыруда өзіміздің азаматтық белсенділігімізді көрсетуге тиіспіз.
Президенттің кезектен тыс сайлау туралы мәлімдемесін тыңдай отырып, біз оның еш күмән мен белгісіздікке жол бермей, сайлау барынша қысқа уақыт ішінде өтуі керек деген пікірін дұрыс шешім деп қабылдадық.
Бұл Елбасы қойған міндеттерге қол жеткізудегі басты қадам болады. Біз оны қолдаймыз.

Татьяна САВИЦКАЯ,

Қарағанды облысы
Медиация орталықтарының
басшысы.