АймақҚарқаралы

«Сақтансаң – сақтайды»

Қарқаралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде арнайы рейд жүргізді. Рейд барысында жеке тұрғын үй секторының тұрғындарына өрт қауіпсіздігі жөнінде ақпарат берді.

Сурет: Ашық дереккөз

Өрт шығу салдарының бірі – ашық от көзі. Яғни, бұндай жағдай жеке үй тұрғындары тарапынан орын алу ықтималдығы жоғары. Сондықтан, мамандар аудан тұрғындарына пеш жағу жағдайындағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

– Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе жас балаларға тапсыруға болмайды. Пеш жағу үшін бензин, керосин, дизель сынды сұйық отынды пайдалану қажет емес. Пешті ұзындығына сыймайтын отынмен жақпаңыз. Мұржалар ретінде желдету және газ арналарын пайдаланыңыз. Сонымен қатар, пештерді ашық есіктермен жылытуға, киім мен отынды кептіруге, әр түрлі жанғыш материалдарды бүктеуге және қоюға болмайды. Пешті күніне екі-үш мәрте, бір немесе біржарым сағаттан артық жақпауға кеңес береміз. Ұйықтар алдында үш сағат бұрын пештің оты сөнуі керек. Кірпіште жарықтар пайда болмас үшін, мұржаны кем дегенде үш айда бір рет күйеден тазарту қажет. Әрі мұржаларын мезгіл сайын тексеріп отыру қажет, – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button