Шет

Сөзіміз жерде қалмады

     Ақадыр кенттік балалар кітапханасының тар екенін тиісті орындарға биылға дейін айтып, ескертіп келгенбіз. Мәдениет қызметкерлерінің аудандық семинар-кеңесінде кітапханаға мектеп жасындағы оқушыларға арналған танымдық көркемсуреттер мен түрлі саладағы әдебиеттер зорға сыйып тұрғанын құлаққағыс етіп едік, сөзіміз жерде қалмады.

Кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен жиі толықтырылып отыратынын ел білсе керек. Бірақ, сол кітаптарды қоятын сөрелерге орын жетпейтіндігін айтқан болатынмын. Аталған семинарда. Соған қарамастан, онда белгіленген жоспарға сәйкес мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұратын. Сондай-ақ, мұнда өткен іс-шараларда адам сыйдыра алмай әлекке түсуші едік. Осы айтқандарды мұқият тыңдаған Шет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Мағауияқызы кітапхананы келіп көретіндігін айтты. Уәдесі бойынша, кітапхананы келіп көрді. Нәтижесінде, бір бөлмелік орын тауып беріп, көзіміз ашылды. Бөлмені алысымен кітапхана жанынан ұйымдастырылған «Қолөнер шеберлігі» үйірмесінің орны кеңейтіліп, ол жер қолөнер бұйымдарымен толықтырылды. Сәндеп, безендірілді. Енді бір бөлмесі әр түрлі тақырыпта топтастырылған кітап көрмесімен жасақталды.

Кітапханаға келіп, ізденетін оқырман балаларымыз жетерлік. Сондықтан, атқарылған жұмыс – айтарлық іс болды. «Бар жақсылық – балаларға» демеуші ме еді?! Қазір осы қағиданы ұстанып, оқырман балалардың кітапханаға қызығушылығын арттыру мақсатында қызмет қылудамыз.

Боранкүл БӘКІРОВА, кітапханашы.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button