Басты тақырыпОсакаров

Сүт өндірісіне тың Бетбұрыс

   Осакаров ауданында тың жоба қолға алынуда. Мұнда сүтті-тауарлы ферма ашылмақ. Жобаны жүзеге асырушы – «Еңбек» ЖШС.

Ферманы құруға қажет 1,4 млрд. теңгені «Еңбек» серіктестігі өз қалтасынан шығарып отыр. Шаруашылық 650 бас ірі қараға ойластырылған.

Бүгінде мұнда швейцариялық жабдықтар толық әкелінді. Енді, Германияның Бавария өлкесінен симменталь тұқымды сиырлар жеткізіледі. Сөйтіп, Осакаров ауданында тағы бір қуатты ферма жұмысын бастамақ.

Сондай-ақ, бұған дейін Абай ауданындағы «Сарыарқа» АӨК» ЖШС базасында 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы тұрғызылған-ды. Шаруашылық жұмысы ырғақпен жалғасуда. «Жаке» шаруа қожалығында да сыйымдылығы 5 мың ірі қара болатын бордақылау кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, қазіргі таңда итальяндық трансұлттық компаниямен 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын салу келіссөздері жүргізілуде.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ОСАКАРОВ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button