Спорт

Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетуде

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде кезекті қарсыласын жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

 

Отандасымыз әуелі қытайлық қарсыласы Чжэн Циньвеньді 6:1, 6:2 есебімен жеңген. Екінші айналымда германиялық теннисші Татьяна Марияны 7:5, 6:0 есебімен қапы қалдырып, келесі кезеңге өтті. Енді ол 1/8 кезеңде 16 жастағы ресейлік А.Андреевамен ойнайды.

Сонымен қатар, аталмыш турнирде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Михаил Кукушкин де екінші айналымнан сүрінбей өтті. Ол Австралия өкілі Люк Савиддпен ойнап, 2 сетте де 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал, ұлттық құрама сапынан барған Юлия Путинцева Франция теннисшісі Каролина Гарсиядан айласын асыра алмай, жарыс жолынан шығып қалды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button