Ресми

Руханият ордасы

Кітапханалар – бүкіл адамзат мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі. Кітапханасыз білімді жетілдіріп, зияткерлік байлық пен жинақталған адамзат тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкін болмас еді.

Кітапханалар әдебиеттің, тарихтың және мәдениеттің қазынасына жол ашып, рухани байлықты дамытуға үлес қосып келеді. Олар адамдардың бойында ізгілік асыл қасиетті, патриотизм мен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етіп, игі істердің ұйытқысы болуда.

Сурет ken-zhyloi.kz

Қарағанды қаласының құрдасы – Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әрқашан кітап мұраларын жинақтаушы әрі сақтаушы, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуші руханият ордасы.

Кітапхана өзінің 90 жылдық тарихында әлеуметтік-мәдени, ақпараттық және білім беру орталығы ретіндегі міндетін лайықты атқарып келеді деп нық сеніммен айтуға болады. Облыс тұрғындарына заманауи кітапханалық-ақпараттық қызметтердің толық кешенін, оның ішінде цифрлық технологияларды ұсына отырып, ақпараттық сұранысты жоғары деңгейде орындауда. Оның облыстың орталық кітапханасы ретінде атқаратын міндеті зор. Жаңа ақпараттық кеңістікті құруға белсене қатысып, өңірлік кітапхана саясатын қалыптастырумен кәсіби құзыреттілікті арттырудың тиімді жүйесін құруда.

Н.Гоголь атындағы облыс­тық әмбебап ғылыми кітапхананың еңбек ұжымын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерге жарқын бастамалар мен оқырман қауымға қызықты жаңа жобаларды іске асыруды тілеймін. Өркениет құндылығын қастерлейтін елеулі еңбектеріңіз әрқашан қоғамда құрметке бөленіп, халықтың жүрегінен лайықты бағасын ала берсін! Алдағы уақытта да еңбекқорлық пен жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз аймақтың зияткерлік және мәдени әлеуетін сақтау мен арттыруға айтарлықтай үлес қоса береді деп сенемін.

Қаламыздағы руханият ордасының 90 жылдық торқалы тойы құтты болсын!

Еркебұлан ЖҰМАКЕНОВ,
облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button